32
Биогеохимиялық
техногенді
аномалиялар
бөлінеді:
техногенді
фитохимиялық
-
көбінесе өсімдіктерде жиналуы, техногенді зоогеохимиялық –
жабайы және үй жануарларында жиналуы, техногенді антропогеохимиялық –
адам ағзасында жиналуы.
Антропогенді биогеохимиялық провинциялардың пайда болу себептері
мұнай өңдейтін және мұнайгаз өңдейтін өнеркәсіптер, түсті
және қара
металлургия, көмір және отын
-
энергетикалық өнеркәсіптер, автокөлік болып
табылады. Соңғы жылдары биосфераның ауыр металдармен қанығуы
жоғарылауда.
Жыл сайын бүкіл әлемде 3 млрд. тоннаға жуық тас көмір жағылып, соның
нәтижесінде жер шары бетінде жүздеген мың тонна металдар таралады.
Көмір
жанғанда топыраққа шөгетін кейбір металдардың салмағы, мысалы
молибденнің оларды өндіру мөлшеріне жақындау. Кобальт жер қойнауынан
өндіргенмен салыстырғанда, көмір жанғанда 3,5 еседен артық тозаңданады.
Металдардың ұшырылуы кен өндіруде,
оларды тасымалдауда, байытуда,
сонымен қатар металлургиялық процесте болады. Мыс кендерін балқытуда
ауаға шығарылатын 1 тонна тозаңнан 100 кг дейін мыс және одан азғана
көптеу қорғасын мен мырыш алуға болады. Кейбір металдар,
мысалы сынап
пен кадмий биосфераға цемент шикізатын күйдіргенде түседі.
Көрсетілген процестер тұтас мемлекет территориясын қамтитын жалпы
техногенді фонды құрайды. Сонымен қатар, өнеркәсіп нысандарының
айналасында топырақты жергілікті қарқынды ластайтын техногенді
геохимиялық аномалиялар түзіледі. Егер олардың
шығарыстарының көлемі
жоғары болып, алысқа таралатын болса аномалиялар жүздеген және мыңдаған
текше км
-
ді алатын провинцияларға жетеді.
Көптеген биогеохимиялық аномалиялар көлік магистралдарының
бойынша түзіледі. Топырақтағы қорғасынның орташа мөлшері әдетте 1 кг
-
да
10 мг аспайды, ал автокөлік жолдарына жақын жерлерде 700 мг/кг, кейде одан
да жоғары болады. Бұндай айқын көрінетін аномалиялардың ені 1000 м асады.
Бұл территорияларда 80% метал аэрозольдері шөгеді. Ұсақ бөлшектермен
көрінетін қалған 20% ауада 1 айға дейін айналымда болып, желмен неғұрлым
алыс қашықтыққа таралады. Кадмий мен мырыштың мөлшері автотрасса
маңында фондылықтан 2
-
3 есе жоғары болады.
Қазіргі уақытта Қазақстанның ауқымды территориясында табиғимен
қатар техногенді биогеохимиялық провинциялар анықталған. Өндірілетін және
өңделетін
өнеркәсіптің көптігі, өндірістің технологиясының артта қалуы
қоршаған орта жағдайы мен тұрғындар денсаулығының күрт нашарлауына,
кейбір жағдайларда жаһандық экологиялық өзгерістерге, биогеохимиялық
провинциялардың қалыптасуына әкелді.
Қазақстан қоғамдастығын Семей ядролық
полигоны айналасындағы
экологиялық жағдай әліде алаңдатуда. Алайда, ресми мәліметтер бойынша
ондағы радиациялық жағдай қауіп туғызбайды, дегенмен, алаңдамауға негіз
жоқ.