Адыра қал// адара қалғыр// әдіре қал!// әдіре қалғыр
–
бөлініп қал,
ажырап қал, айдалада қал!
Көне түркі халықтарының жазу ескерткіштерінде
адырыл
–
бөліну ажырасу, өлу
(отделяться, разлучаться, умирать) делініп
түсіндірілген
(Малов C.Е. Пам. Др. Тюрк. Письм. Мон. и Кир., М–Л., 1959, 89).
Адыр
ұйғыр тілінде
ажырау, бөліну
(Малов С. Е. УЯ, М-Л., 1954, 135)
. Қазақ
тіліндегі
айыр, ыдыра
етістіктерімен салыстырыңыз.
а/ы, д/и/ж
дыбыстарының
алмасуы түркі тілдеріне тән құбылыс. «Адыра қал!» деген тіркесте де бөліну,
аулақтану мағынасы бар. Бұл тіркестердегі сөздердің мағыналарының бір-
біріне жақындығына қарай /бөліну-қалу/ қос сөз тәрізді. Якут тілінде
адарый,
түбірі
адар –
жан-жаққа шашырау, ыдырау, бөліну
дегенді білдіреді
(Пекарский Э.К. І т. 1959, 29).
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды
адыра
сөзінің /түбірі адыр болуы мүмкін/
айыр, ажыра, бөл
деген
мағыналарының барлығы байқалады
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 9).
Үйтіп
көкігенше,
адыра қал!
– Менің әкем, сендерге ұқсап, ұрлығын өтеу үшін қой
бағып жүрген жоқ,
адыра қалсаң,
өзің
адыра қал!
(Ғ. Мүсірепов).
Адырна –
садақтың оқ салып тартатын кермесі, атылатын оқты
ұшыру үшін садақтың екі басын керіп, байлаған баулық.
Бұл сөздің түбірі көне
түркі тілдерінде кездесетін
адыр-айыр, бөл, ажыра,
-на
жұрнағы есім, етістік
тудыратын көне жұрнақ. Дыбыс еліктеуіш сөздерінен жасалған
сар-сар/сарна/,
тыр-тыр /тырна/
- мен салыстырыңыз. Тыңдап отырған сөзіміздің түп төркіні
127
де
а-дыр /дыр-дыр/
дыбыс еліктеуіші болуы мүмкін. Өйткені садаққа оқты
салып тартқанда кермеден дырылдап дыбыс шығатындығы даусыз. Сол дыбыс
оқты ұшыратын садақ кермесінің атына ие болып,
адырна/ айырғыш,
ажыратқыш/
аталған тәрізді
(Махмұтов А. КСЛ, 1963, 10)
. Атына тұрман
болсам деп, Жұртына құрбан деп,
Достарыңызбен бөлісу: |