Өтемісова гүлмира Жеткергенқызы КӨнерген аталымдар


Найзаны  салып түйретті,  Садақты



Pdf көрінісі
бет70/393
Дата14.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#114284
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   393
Байланысты:
жыр әдеби тил

Найзаны
 салып түйретті, 
Садақты
 тартып үйретті, 
Осылай баулап өсірді 
Ұрпақты іске шыдамды
[Н.К.ІІт]. 
Садағын
 сала байлап, асынып 
алмас, 
Жолыққан ешбір дұшпан тірі қалмас! 
Арада бірнеше күн жол жүрген соң, 
Бір күні түсті тұман жол таба алмас
[E.К]. 
Бұл аталған көне қарулардың қимылдары да өз аттарымен берілген: 
алмасты
асынады,
найзаны
түйрейді,
садақты 
тартады. 
Нұртуған шығармаларында көне қару атауы «саржа» молынан кездеседі. 
Ғалым Р. Сыздық «Сөздер сөйлейді» еңбегінде: 
саржа 
− 
ерте кездегі қару-
жарақтың бір түрі
. Бұл қару атауының көне түрі қазақша 
сарыжа
күйінде 
сақталған, осы сөз келе-келе «жаңашаланып», 
саржай
, одан барып 
саржа
түріне де көшкені анық байқалады [28, 101 б.] деп әрі қарай түсіндіріп кетеді. 
Саржа дегенді өткен ғасыр лексикографы Л.Будагов былайша анықтайды: 
қазақша 
саржа
, шағатайша 
сары йай
сүйекпен әшекейленген, сарыға боялған 
жақ (лук) [97, 686 б.]. Мысалы, Нұртуған «Мәулімнияз-Едіге» дастанында 
Едігенің батырлығын былайша суреттейді: 
Қылды Едіге жігерді Шалқалап


62 
жатқан қалмақтың, Қолтығының астынан 
Саржамен
тартып жіберді
[Н.К.Іт]. 
Екі ақынның да шығармаларында жаугершілік, соғыс картинасын суреттеу 
мақсатында, әскери сөздер мен сауыт-сайман, қару-жараққа аттарына қатысты 
көнерген аталымдарды шебер әрі ұтқырлықпен қолданып отырған. 
3 Әлеуметтік, әкімшілік атауларға қатысты көнерген аталымдар. 
Бұл 
топқа жататын көнерген аталымдар тарихи аталым (историзм) деп аталады. 
Олай дейтініміз, ендігі айтылатын аталымдардың қазіргі тіл қолданысында 
ешқандай синонимі жоқ, тек сол қалпында тарихи шығармаларда сақталған, 
ескіліктен хабар беретін сөздер. 
Н. Кенжеғұлұлы мен Е. Көлдейбекұлы шығармаларындағы үшінші бір топ 
лексика әлеуметтік-әкімшілік жағдаймен байланысты болып келеді. Мұнда да 
жоғарыда атап өткендегідей көне феодалдық дәуірге тән ел билеу жүйесінде 
кездесетін терминдік сөздермен қатар, жаңа капиталистік дәуірдің көрінісі 
дерлік бірен-саран сөздер кездеседі. 
Хан, батыр, патша, бек, құл, күң, падиша, 
уәзір, төре, сұлтан, ханым, нөкер, әмірші, төлеңгіт, ерзада, ханзада
сөздері 
жырдың көне дәуір оқиғаларынан хабар беретін, көбінесе титулды (әлеуметтік 
дәреже-лауазымды) білдіретін элементтер болып келсе, 
бай, жарлы, халық, 
мырза, болыс, ақылгөй, елші 
сөздері жырдың кейінгі кезде жырлануымен 
байланысты қосылған «жаңартулар» екендігіне дәлел тәрізді. Мысалы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   393




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет