«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту бойынша



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата14.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#114435
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

Пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді дамыту бойынша 
ұсынымдар 
Зертханалық және практикалық жұмыстың көлемін орындау үшін 
ақпараттық және компьютерлік технологияларды (виртуалды жұмыс) 
пайдалану, білім алушылардың эксперименттік деректермен жұмыс істеу және 
қорытынды жасау қабілетіне назар аудару ұсынылады. 
Зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүргізу, өңірлік және жергілікті 
аспектілерде қолданбалы маңызы бар жобаларды жазу, Қазақстанның 
жаратылыстану саласындағы ғылыми жетістіктерін зерделеу ұсынылады.
Жергілікті сипаттағы материалдарды (объектілер, кәсіпорындар, ақпарат 
көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау қызметін ұйымдастыру арқылы 
білім алушыны танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жандандыру ұсынылады. 
Техника, медицина, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетиканың әртүрлі 
салаларындағы жетістіктер ғылыми идеяның дамуы мен ғылыми прогрестің 
жарқын мысалдары болып табылады. 
Мұғалімдер бастауыш сыныптарда «Жаратылыстану» пәнін оқытудың 
өзіндік ерекшеліктері бар екенін ескеруі керек:
- пән мазмұнындағы базалық білім жүйесі білім алушылардың қоршаған 
әлем туралы, атап айтқанда, әртүрлі денелер мен құбылыстар туралы бастапқы 
білімдерін қалыптастырады;
- пән білім алушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған: сұрақтар қою және осы сұрақтарға жауап табу, зерттеу жоспарын 
әзірлеу және болжау, сұрақтарға жауап іздеу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу 
нәтижесінде алынған деректерді жалпылау, өңдеу және түсіндіру;
- зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізу арқылы тапсырманы өз 
бетінше іздеу және қорытындыларды дұрыс тұжырымдау дағдыларын 
қалыптастырады, баланың ойлау қабілеті мен ғылыммен айналысуға деген 
ұмтылысын дамытады; 
- білім алушылар сыни тұрғыдан ойлау тәсілдерін меңгереді, шынайы 
жағдайларда шешім шығаруды, сұрақтар қоюды, ғылыми-зерттеу жұмысының 
тәсілдерін түсінуді және бақылауды үйренеді.
Жаратылыстану саласындағы пәндік және метапәндік құзыреттілік - бұл 
бақылаулар мен эксперименттерге негізделген тұжырымдар жасау үшін ғылыми 


50 
әдістер арқылы зерттеуге және шешуге болатын нақты жағдайларда мәселелерді 
шешу үшін жаратылыстану білімін пайдалану мүмкіндігі. Бұл тұжырымдар 
қоршаған әлемді және оған адамның іс-әрекеті енгізетін өзгерістерді түсіну және 
тиісті шешімдер қабылдау үшін қажет. 
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы оқытудың тереңдетілген 
деңгейіндегі оқу пәндері бойынша оқу бағдарламасын игерудің пәндік 
нәтижелері негізінен жалпы кәсіби білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған. 
Жаратылыстану-математикалық бағытта оқытудың тереңдетілген деңгейі 
пәндері бойынша оқу бағдарламасын меңгерудің күтілетін нәтижелері негізінен 
кейінгі кәсіптік білім беруге даярлауға, білім алушылардың жеке қабілеттерін 
дамытуға бағытталған. 
Жаратылыстану бағыты пәндері бойынша пәндік және метапәндік 
құзыреттіліктерді дамытуда түрлі әдістер мен тәсілдері қолдану ұсынылады. 
Мысалы:
1. Мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу ғылыми мақалаларды оқу, 
ғылыми жұмыстардың мәтіндерін талдау, түйіндемелер мен аннотациялар жасау 
білім алушыларға мәтіндермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, ақпарат алуға 
және әртүрлі көзқарастарды салыстыруға көмектеседі. 
2. Топтық жұмыс. Бұл бірлескен жобалар мен зерттеулер, пікірталастар 
жүргізу және топтағы жұмыс нәтижелерін талдау білімалушыларға 
коммуникативті дағдыларды дамытуға, ұжымда жұмыс істей білуге және 
мәселелерді шешуге көмектеседі. 
3. Білімді тәжірибемен ұштастыру: зертханалық жұмыстарды орындау, 
эксперименттер жүргізу, көлемді жұмыстарды істеу және білімалушылардың 
материалдарды пайдалануы, деректерді бақылау, талдау дағдыларын дамыту 
және ғылыми білімді практикада қолдану. 
4. Заманауи 
технологияларды қолдану: деректерді талдау үшін 
компьютерлік бағдарламалармен жұмыс, деректерді өңдеу.
5. Өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту: өз жұмысын жоспарлау, 
басымдықтар мен мақсаттарды анықтау, жаңа тақырыптарды өз бетінше зерттеу, 
өзін-өзі ұйымдастыру және уақытты басқару дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Білім алушыларының пәндік, метапәндік және түйінді (жоғары 
сыныптарда) құзыреттерін дамытудың жоспарланған нәтижелері 
1) табиғи құбылыстарды бақылау, нәтижелерді сипаттау және 
қорытындылау; эксперимент нәтижелерін талдау; 
2) жаратылыстану бағытындағы биология, физика, химия, география 
ғылымдары арасындағы байланысты сипаттау; табиғи құбылыстардың өзара 
байланысын орнату; 
3) қоршаған ортадағы құбылыстарды түсіндіруде, денсаулықты сақтауда, 
тіршіліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, табиғат байлықтарын ұтымды 
пайдалануда, сондай-ақ сауатты тұтынушының рөлін орындау үшін 
жаратылыстану бағытындағы білімдерді қолдану;
4) жаратылыстану-ғылыми білімнің маңыздылығын түсіндіру, жиналған 
және өңделген деректерді, кесте, график, хабарлама, баяндама, презентация 
түрінде ұсынылатын ақпаратты синтездеу; ғылыми үлгілер мен гипотезалардың, 


51 
дәлелдемелердің және түсіндірмелердің дәлелдерін; эксперимент пен зерттеудің 
жоспарын жасайды. 
Биология бойынша пәндік, метапәндік және негізгі (жоғары сыныптарда) 
құзыреттердің мысалдары 7-кестеде келтірілген. 
7-кесте – «Биология» пәні бойынша мысалдар 
Оқу мақсаты 
Сұрақтар 
мен 
тапсырмалар 
Тапсырмалардың 
күтілетін 
нәтижелерге бағытталуы
«Қоректену» 
бөлімшесі. 8-сынып. 
8.1.2.6 
құрамында 
дәрумендердің 
маңызды мөлшері бар 
азық-түлік 
тізімін 
жасау 
Витаминді қолдану мен 
дененің 
денсаулығы 
арасындағы 
байланысты анықтаңыз 
Құзыреттіліктер: 
пәндік: 
денсаулықты сақтау үшін 
дұрыс тамақтану ережелерін сақтау 
қажеттілігін түсіндіре білу 
метапәндік: 
оқу тапсырмасын орындау 
үшін ақпаратты түсіндіре білу
Витамин 
тапшылығы 
дегеніміз не? 
пәндік
: дәрумендер және дәрумен 
жетіспеушілігі жайлы білімі болу 
метапәндік
: Өз ойын сауатты және 
жүйелі жеткізе білу
Оқу материалын бекіту және тереңдету мақсатында жаратылыстану, 
география пәндерінен кейбір тақырыптық сабақтарды қауіпсіздік ережелерін 
сақтап, жергілікті жағдайларды ескере отырып, өлкетану музейлерінде, 
экологиялық мектептер мен басқа білім беру ұйымдары базасында өткізу 
ұсынылады. 


52 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет