«2023-2024 оқу жылында Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы»


Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің іске асуы мен негізгі



Pdf көрінісі
бет51/70
Дата14.10.2023
өлшемі1,64 Mb.
#114435
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70
Байланысты:
ӘНХ каз 23 08 2023 11.57

Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің іске асуы мен негізгі 
міндеттері білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу принциптері 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 
«Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын 
бекіту туралы» бұйрығымен негізделеді. 

Педагог-психолог қызметінің мазмұны, оның дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар, педагог-психологтың кәсіби құзыреттіліктері туралы жалпы 
түсінікті қамтамасыз ету, білім беру үдерісіне қатысушыларды және қоғамның 
мүдделі тараптарын ақпараттандыру мәселелері Қазақстан Республикасының Әділет 
министрлігінде 2022 жылғы 19 желтоқсанда № 31149 болып тіркелген Қазақстан 
Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 
бұйрығында қамтылған.

Баланы 
қорлаудың 
(буллинг) 
алдын 
алу 
тәртібі 
Қазақстан 
Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 желтоқсанда № 31180 болып 
тіркелген,
 
https://adilet.zan.kz/rus
 
сайтында орналастырылған, Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 «Баланы жәбірлеудің 
(буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында бекітілген
.
 
Сынып 
сағаттары 
аясында 
педагог-психологтардың 
білім 
алушылармен жұмысын ұйымдастыру
Психолог-мамандардың қызметін білім беру ұйымы басшысының 
(директорының) орынбасары үйлестіреді.
Оқу жылына арналған тәрбие жұмысын жоспарлауда педагог-
психологтардың әрбір сынып жиынтығымен жұмыс жүргізуі үшін сынып 
сағаттарын (жылына кемінде 4 сағат көлемінде) бөлу ұсынылады.


76 
Педагог-психологтардың білім алушылармен өзара іс-әрекеті сынып 
жетекшілерінің (кураторларының) көмегімен жүзеге асырылады.
Педагог-психологтың өткізетін сынып сағаттары білім беру ұйымдарында 
жасөспірімдердің қоғамға қарсы, аутоагрессивті, девиантты, тәуелділік және 
басқа да деструктивті мінез-құлықтың бастапқы белгілерін анықтауға және 
алдын алуға бағытталуы тиіс. 
Бiлiм 
беру 
ұйымдарында 
бiлiм 
алушыларды 
психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу үшiн сынып сағаттарын өткiзу тәртiбiн реттейтін 
«Сынып сағаты туралы ережені» әзiрлеу және бекiту ұсынылады. Сынып 
сағаттарын жоспарлау барысында мектептің сынып жиынтықтарының 
(топтарының) санын, білім алушылардың жас, әлеуметтік және психологиялық 
ерекшеліктерін ескеру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет