ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2


ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМДАРДАҒЫ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ



Pdf көрінісі
бет18/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   212
 
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМДАРДАҒЫ ЗӘР ШЫҒАРУ ЖҮЙЕСІ 
БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЖИІЛІГІ 
Өзектілігі
. Ер адамдардағы төменгі зәр шығару жолдарының бұзылыстарының белгілері көбінесе 60 
жастан асқан ерлердің 60% - ында кездеседі [1]. Ерлердегі зәр шығару жолдарының спецификалық емес 
қабыну ауруларының арасында созылмалы бактериялды простатит ерекше орын алады, бұл өте жиі 
кездесетін патология. Оларды зерттеудегі жетістіктерге және емдеудің заманауи тәсілдеріне қарамастан, 
бұл проблема өзекті бола түсуде [4].
Зәр шығару жүйесі ауруларының ішінде қуық асты безінің қабыну ауруымен ауыратын ерлердің 
үштен бірі простатит созылмалы түрінен зардап шегеді [2]. Көбінесе себебі ретінде - патогендік флораның 
урогенитальды каналдан немесе жыныс - зәр шығару жүйесінің бездерінен енуіне байланысты инфекциялық 
зақымдану болып табылады. Қуық асты безінің көптеген аурулары, соның ішінде, қатерсіз гиперплазия 
немесе онкопатология - бұл үлкен жастағы ер адамдардың негізгі мәселелерінің бірі болып табылады [3]. 
Егде жастағы науқастарда детрузорлық гиперактивтіліктің төменгі зәр шығару жолдарының қызметіне 
әсері, мұндай науқастарда зәр шығаруды хирургиялық емдеудің нәтижелерін болжаудағы уродинамиканың 
рөлі, уродинамикалық зерттеуден кейін егде жастағы төменгі зәр шығару жолдарының инфекциясы өте 
маңызды және іс жүзінде қамтылмаған. Егде жастағы ер адамдардағы төменгі зәр шығару жолдарының ең 
ауыр симптомы - бұл ноктурия болып табылады [5]. Зәр шығару жүйесі бұзылыстарының салдары ретінде 
өмір сапасының едәуір төмендеуі, егде жастағы ерлердегі маңызды психологиялық және әлеуметтік-
экономикалық проблемалардың пайда болуы және т.б. мәселелер жатады.
Егде жастағы зәр шығару бұзылыстарын дер кезінде кезінде диагностикалау көптеген асқынулардың 
алдын алуға септігін тигізеді [6].
Зерттеудің мақсаты: 
Егде жастағы ер адамдардағы зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін
анықтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет