ОңТҮстік қазақстан медицина академиясы, хабаршы №4 942, 2021 жыл, том 2



Pdf көрінісі
бет19/212
Дата14.10.2023
өлшемі3,39 Mb.
#114552
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   212
Зерттеу әдістері.
Зерттелетін контингенттің сипаттамасы: «Otau med» клиникасында тіркелген 65-тен 
93 жас аралығындағы (орта жасы 72,3±4,5 жыл) егде жастағы 35 науқас.
Зәр шығару бұзылыстарының таралу жиілігін анықтау барысында сауалнама, сұқбаттасу әдістері 
қолданылды. Науқастардың зәр шығару жолдарының бұзылыстарын анықтау мақсатында 0-5 баллдық 
шкала арқылы бағаланатын 7 сұрақ және симптомдардың ауырлығын бағалауға арналған 0-6 балл 
аралығындағы 1 сұрақтан құралған "IPSS" сауалнамасы қолданылды.
"IPSS" сауалнамасының нәтижесінің интерпретациясы:


 
 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ, ХАБАРШЫ №4(942, 2021 жыл, ТОМ 2 
 
 
13 
- 0 ден 7 балға дейін (жеңіл симптоматика) – пациент медициналық бақылауды қажет етеді
симптоматикалық терапия тағайындалуы мүмкін;
- 8 ден 19 баллға дейін (орташа ауырлық дәрежесі) – пациентке консервативті ем тағайындалуы үшін 
толық медициналық тексеруден өту қажет етіледі
- 20 баллдан жоғары (ауыр дәрежедегі бұзылулар) - пациентке кешенді урологиялық көмек 
көрсетіледі, хирургиялық емдеу ұсынылады.
Сонымен қатар, зерттеуге алынған науқастар соңғы екі апта мерзімінде зәр шығару күнделігін
толтырып отырды. Зәр шығару күнделігінің нәтижесінің интерпретациясы: 
1. жеңіл дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік бар, бірақ оған шыдау оңай 
2. орташа дәрежелі зәр шығару бұзылысы: зәр шығару алдындағы ургенттілік жеткілікті ыңғайсыздықты 
тудырады және күнделікті белсенділікке кедергі келтіреді 
3. ауыр дәрежелі зәр шығару бұзылысы: қолайсыздықты тудыратын және әдеттегі істермен айналысуға 
мүмкіндік бермейтін ауыр шыдамсыз зәр шығару алдындағы ургенттілік. 
Алынған деректерге статистикалық талдау жұмыстары Microsoft Excel бағдарламасы арқылы 
жүргізілді. Зерттеу нәтижелерін объективті бағалауды жүргізу үшін дәлелді медицина әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   212




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет