Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 27
қабілеттерін олардың жан-жақты дамуы үшін ұтымды пайдалану керек. Қабілетті
балалардың кез-келген материалды қабылдауы ӛте жеңіл болғандықтан, оны қандай пәнге
болса да баулудың мүмкіндігі бірдей. Дегенмен,
қабілетті балалар кӛп болғанымен
дарынды балалар ӛте аз. Сондықтан, ұстаздардың ең басты мақсаты - дарынды балаларды
жас кезінен анықтап, олардың жан-жақты дамуына, оның білімге, ӛмірге деген
құлшынысын арттырып, оның шырағын жаға білуі керек. Себебі, кейбір дарынды
оқушылардың жасына қарай, есею барысында, яғни бір кезеңнен екінші кезеңге ӛту
уақытында (жоғарыда айтылған жас ерекшеліктер кезеңдері) оның қызығушылығы
жойылып кетуі мүмкін. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмас үшін, физикадан олипиадаға
даярлау барысында оқушылардың дайындығын ӛте қызықты, эмоцияға бай физикалық
есептермен, эксперименттік тәжірибелік есептермен, түрлі экскурсиялармен, виртуальды
эксперименттермен және т.б. тәсілдерді қолданып, жандандырып отыруы керек.
Дарынды жасӛспірімдерді ӛз қатарларынан ерекшелейтін белгілер -
ол ӛздігінен жұмыс жасай білуі, ӛз бетінше білім алуға бейімдігі, айналысатын ісін ӛзі таңдап алуы. Дегенмен, «дарынды бала» ұғымының ӛзі салыстырмалы ұғым болып саналады,
себебі, балада ерте байқалған қабілеттер күткен нәтижені бермей, ол ашылмай қалуы да
мүмкін. Ал, кейбір балалардың қабілеті кейінірек ашылуы да мүмкін. Мысалы, Альберт
Эйнштейн «антивундеркинд» типінің ең кӛрнекті ӛкілі болған. Сондықтан пән мұғалімі
мен мектеп психологтарының дарынды оқушыны анықтауы үшін әр оқушыны жеке - дара
зерттеуі қажет болады.
Дарынды балалар физикадан есептерді шешу барысында шығару жолдары мен
принциптерін тез жалпылай алады, сондықтан олар стандартты емес есептерді де тиімді
жолмен тез шығарады. Дарынды оқушылар үшін есептің рационалды, айқын, нақты, тез
жолын табу ең басты мақсат. Ал, қиын есептерді шығаруда олар бұл процесті тек есеп
шығару деп қабылдамай, оны зерттеу нысаны ретінде қабылдап, жан - жақты зерттеу
жүргізеді. Соның нәтижесінде оқушы жаңа ақпарат алады, осы зерттеу жұмысын ақпарат
кӛзі деп түсініп, оны білім алу жолы ретінде қарастырады.
Сонымен, пән мұғалімі физикадан пәндік олимпиадаға дайындауда қабілетті
балаларды кӛп оқушының ішінен қателеспей қалай табуға болады деген сұрақ тұрады.
Сонымен қатар, ол балалармен қалай жұмыс жасау керек? Дарынды балаларға
білім беруде де кездесетін мәселелер ӛте кӛп. Дарынды балалардың ӛзін-ӛзі дамуына,
білім алуына толық мүмкіндік жасалғаны абзал. Бұлай болмаған жағдайда оларда
ашулану, тынышсыздану, уайымшылдық, тынышсыздық пайда болады. Ол қалыпты
жағдай. Себебі, оқушы ӛзінің қолынан келетін нәрсені жасай алмаса, яғни ӛз мүмкіндігін
кӛрсете алмауы оған психологиялық соққы болады. Сондықтан, олимпиадаға даярлау
барысында оқушының ӛзін - ӛзі толық кӛрсете алуына жағдай жасалуы да маңызды
мәселелердің бірі болып табылады.
Дарынды балалардың ӛз мүмкіндіктерін кӛрсете білуі үшін мына мәселелерді жүзеге асыру керек: оқушыларға жайлы атмосфера жасау; оқушылардың шығармашыл
идеяларын, ойлары мен пікірлерін жиі тыңду, айтқызу; «жеңісті» күту жағдайын туғызу;
оларға шығармашылық тапсырмалар беріп, оны жетістіктері бойынша бағалау; оны
болашақ істеріне ұмтылдыру, талаптандыру үшін ӛз-ӛзін жоғары бағалауын
қалыптастыру; оқушыны ӛзі жасаған ісін бағалай білуге үйрету.
Қорыта айтқанда, пәндік олимпиадаға білімі басқаларымен салыстырғанда жоғары,
тапсырманы тез түсініп, шығара алатын, экспериментке икемі бар, ӛлшеу жұмыстарын
тиянақты орындай алатын, кез-келген тапсырманы шығармашылықпен орындайтын
оқушыны таңдау керек. Нақтылап айтар болсақ, физикадан пәндік олимпиадаға оқушыны
мына ерекшеліктеріне қарап ірікеуге болады: