Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет340/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
314 
Физика сабақтарында табиғи құбылыстарды ЦР құралдары арқылы кӛрсеткен 
дұрыс. Ӛйткені осылайша физикалық процестердің ерекшеліктері түсінікті болып келеді. 
1)
Электрондық оқулықтар
қолданушыға ақпаратты жүйелі ұйымдастырып 
қолдануға мүмкіндік беретін интерактивті жүйе. ЭО теориялық, анықтамалық-ақпараттық, 
практикалық материалдар мен тапсырмалардың, білімді меңгеруді бақылау және 
бағалауды, арнайы бағдарламалардың кӛмегімен қалыптастырылатын, ақпараттық 
мәтіндік, графикалық бейнесі және мультимедиалық видео және дыбыстық 
эффектілерімен берілетін ақпарат. 
Электрондық оқулық студентке лекция және практикалық, зертханалық сабақтарды, 
жаңа пәндерді ӛз бетінше электрондық материалды толық оқу құралы, кӛмекші- 
консультант, емтихан алушы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. 
2)
Бейнекӛрініс және сандық фотосуреттер 
(физикалық тәжірибенің 
бейнекӛріністері, оқу, деректі, кӛркем және мультипликациялық фильмдердің үзінділері). 
Басқа әдістер мен әдістік тәсілдермен кӛрсете алмайтын физикалық объекттерді, 
үдерістерді, құбылыстар мен эксперименттерді кӛрнекі түрде кӛрсететін бейне үзінділер. 
Кейбір объекттердің қолжетімсіз әрі уақыт пен кеңістікте шектеулі болып келетініне 
байланысты табиғатта әрдайым мүмкін бола бермейтін бірнеше есе кӛбейтілген жоғары 
деңгейдегі рұқсаты бар макрообъекттерді зерттеуге мүмкіндік беретін сандық 
фотосуреттер. 
3)
Компьютерлік 
модельдер

Нақты 
обьектілердің 
компьютерлік 
демонстрациялары: 
а) құрылғының сыртқы кӛрінісін немесе құрылысын оқып үйрену құралы ретінде 
(3D Max, Adobe Flash және т.с.с. жасалған үш ӛлшемді модельдер); 
ә) физикалық объектілердің жұмысы процессін (анимация), оның негізгі 
бӛліктерінің жұмысының кезеңдерін, физикалық процесстердің ӛту реттілігін оқып 
үйрену құралы ретінде; 
б) компьютер кӛмегімен есептеулер жүргізуге арналған бағдарламалау тілдерін 
қолдану (Pascal, Delphi т.б.) 
3)
Дәрістер мен сабақтарды ӛткізуге болатын аудиоақпарат 
(бейнеге түсіндіру 
жүргізу, модельдер, фотосуреттер, аудиосюжеттер). 
4)
Компьютерлік тесттер 
(оқу іскерліктерін ӛңдеу, білім сапасы мен іскерліктің 
қалыптасу деңгейін бақылау үшін). 
Демек, физика пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын кеңінен пайдалана 
отырып, білімді терең және жан-жақты игерудің жолдары, физика пәнінің «Қысым» 
тараулары бойынша ғылыми негіздерін меңгеру мәселелері, ойлау қабілеті мен 
шығармашылық 
әрекетін 
жетілдіру 
сияқты 
оқытудың 
ең 
тиімді 
түрлерін 
қарастырғанымыз жӛн [7]. 
Қысым тарауларын оқыту процесінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану 
теориялық материалды шапшаң да сапалы меңгеруге ықпал ететін зертханалық 
жұмыстардың тиімді ӛткізілуі мен оның нәтижелерін ӛңдеуге мүмкіндік береді. 
Компьютер зертханалық жұмыстар мен физикалық практикум жүргізуге бӛлінген уақытты 
үнемдеуге, есептерді автоматтандыру арқылы оқу материалының физикалық мағынасына 
кӛбірек кӛңіл аударуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда зертханалық жұмыстарды жүргізуде 
құрал-жабдықтарды пайдалануға негізделген әдістемелер жеткілікті түрде толық 
қалыптасқан. Бірақ та, ғылым мен техниканың қарқынды дамуы, әсіресе компьютердің 
оқу процесіне енгізілуі, орта мектептің оқу процесінде орындалатын зертханалық 
жұмыстардың мазмұнын, әдістемесін қайта қарауға, оқу бағдарламасын жетілдіруге ықпал 
жасап отыр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет