Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет35/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
36 
алушылар физикалық шамалдарды ӛлшеу әдістерін, ӛлшеу қондырғыларын, эксперимент 
нәтижелерін ӛңдеу әдістерін оқып үйренеді. Осы курста алаған білімдерін жалпы физика 
курсының барлық бӛлімдерінде, күрделі ӛлшеулер жүргізуде, физикадан оқу 
эксперименттерін қоюды меңгеруде қолдана алады. Біздің ойымызша, осындай сипаттағы 
зертханалық практикумдар болашақ физика пәні мұғалімін даярлауда және басқа да 
жалпы физика курсын оқитын білім бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін ӛте 
пайдалы . 
Жоғары оқу орындарында жүргізілетін зертаналық пратикумының маңызы ӛте зор. 
Зертханалық практикумның жабдықталуы ӛте маңызды және оған мынадай талаптар 
қойылады: а) оқу зертханасындағы қолданылатын құрал-жабдықтар мен ӛлшеу 
құралдары сенімді және қазіргі заманға сәйкес болуы қажет; ә) зертханада ӛлшеу 
құралдарын қалай пайдалану керектігі туралы нұсқаулықтар мен құрал-жабдықтар 
сақталатын арнайы орын болуы керек; б) зертханалық жұмыстарға арналған құрылғылар 
оқу экспериментіне арналған болуы керек; в) зертханаларды жабдықтау кезінде жұмыстар 
мен тапсырмалар зерттеу жұмысының сипатына ие болуы керек; г) ӛлшеу нәтижелерін 
ӛңдеу үшін компьютерлермен жабдықталуы керек; д) виртуальды зертханалар орнатылған 
компьютерлермен жабдықталуы керек. 
Жалпы физика бойынша зертханалық практикаумның негізгі міндеттері бар. 
Олардың ең бастыларына тоқталар болсақ, ең алдымен физикалық заңдарды эксперимент 
арқылы тексеріп, оның шындығына кӛз жеткізу; ӛлшеу әдістерін, физикалық ӛлшеу 
дағдылары мен іскерліктерін меңгеру; ӛлшеу құралдарының жұмыс істеу принциптерімен 
танысып зерттеу; ӛлшеу нәтижелерін ӛңдеу дағдысын меңгеру. Механика курсын оқытуда 
білім алушылардың ӛлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастырудың тиімділігін 
арттыру үшін зертханалық практикумдарды орындауда виртуальды зертхана жұмыстарын 
орындатып, практика, семинар сабақтарында эксперменттік есептер шығаруды 
қолдандық. Мысалы, обербек маятнигінің кӛмегімен қатты дененің айналмалы 
қозғалысын зерттеу жұмысын орындауда білім алушылардың бір тобы оны зертхана 
жағдайында жасаса, екінші бір тобы виртуальды зертханада орындады. Механикалық 
тербелістер немесе тербелмелі жүйелерді зерттеуде зертхана жағдайында математикалық 
және серіппелі және физикалық маятниктердің тербеліс заңдылықтарын зерттеу 
жұмыстарын жүргізсе, практикалық сабақта осы тербелмелі жүйелердің тербеліс 
периодының қандай физикалық шамаларға тәуелділігін анықтауға эксперименттік есептер 
шығартылды. 
Зертхана жұмыстарын жетілдіру барысында кейбір ӛлшеу нәтижелерінің дәлдігі 
тӛмен жұмыстарды виртуальды зертханадағы жұмыстармен ауыстыруға болады. Бұл 
алдын - ала жоспарлау арқылы жасалынады. Қазіргі кездерде зертханалардың басым 
кӛпшілігі компьютерлермен жабдықталған. Сол себепті, зертхана жұмыстарының 
нәтижелерін математикалық ӛңдеуде арнайы бағдарламалар орнатуға болады. 
Зертханалық жұмысты орындау кезінде білім алушының іс-әрекеті ӛте маңызды. 
Білім алушы зертхана жұмысын жасау барысында ӛлшеу келесі кезеңдер бойынша жүзеге 
асырылады: ең алдымен білім алушы құралдарды орнатып, құрастырады, оқытушының 
рұқсатын алып, ӛлшеуді бастайды, ӛлшеу нәтижесінде алынған мәндерді есептеу, ӛлшеу 
нәтижелерін ӛңдеу, болған жағдайда график құрастыру, ӛлшеу нәтижесін берілген 
сенімділік интервалында ізделінетін шаманы анықтау, ӛлшеу нәтижелері бойынша 
қорытынды жасау. 
Зертханалық практикумды жүргізу әдістемесі зертхананың мүмкіндіктеріне 
байланысты екендігін жоғарыда айта кеткен болатынбыз. Механика курсының алғашқы 
зертхана жұмыстарында барлық білім алушылар бірдей жасайтын, фронтальдық зертхана 
жұмысын қою ӛте тиімді. Себебі, механикадан ең алғашқы жұмыс дәл ӛлшеу, ӛлшеу 
әдістері, ӛлшеу құралдары мен оның нәтижелерін ӛңдеуді меңгеруге арналады. Дегенмен, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет