Университеттің 85 жылдығына арналған Қазіргі заманғы математика


Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика



Pdf көрінісі
бет36/527
Дата14.10.2023
өлшемі12,2 Mb.
#114644
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   527
Байланысты:
TaimanovMatem

Университеттің 85 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы математика: 
проблемалары және қолданыстары» III халықаралық Тайманов оқуларының 
материалдар жинағы, 25 қараша, 2022 жыл 
37 
басқа зертханалық жұмыстарды орындауда фронтальдық әдісті қолдану қиындық 
туғызады. Сондықтан, физикалық практикум барысында мүмкіндігінше ӛтілген дәріс 
сабақтарына сәйкестеу қажет. Бірақ, толығымен олай жасау мүмкін емес. Солай 
болғанмен, сабақ барысында кейбір зертханалық жұмыстарды мектепте игерген білімінің 
негізінде де жасатуға болатындай ұйымдастыруға болады. Зертхана жұмысының сапалы 
жүргізілуі білім алушылардың дайындығын дұрыс ұйымдастыруға да байланысты. 
Әсіресе, бірінші курс білім алушыларына жоғары оқу орнындағы зертхана және практика 
сабақтарындағы білімнің бағалануы туралы толық түсінік берілуі керек. 
Білім алушы зертхана жұмысын орындауға алдын ала дайындалу керек. Барлық 
зертханалық жұмыстарды жасау, ӛлшеудің сандық нәтижелерін алып, ӛлшеу нәтижелерін 
зертханашыға кӛрсетіп, оның шындыққа жанасатынына кӛз жеткізіп, болмаған жағдайда 
ӛлшеу нәтижесінің дұрыс болмауының себебі анықталынып, қайтадан жасау, ӛлшеу 
нәтижелерінің қателіктерін анықтау керек. Жалпы физиканың барлық бӛлімдері бойынша 
зертхана жұмыстарына қажетті нұсқаулықтар оқу платформаларында пәннің оқу- 
әдістемелік кешендері бӛліміне алдын-ала жүктеледі. Зертхана жұмысының арнаулы 
нұсқаулығында зертхана жұмысының мақсаты, қажетті құрал-жабдықтар, зертхана 
жұмысының тақырыбына сәйкес қысқаша теориялық мәліметтер, электрондық оқыту 
құралдарының сілтемелері, жұмыстың орындалу реті, қажетті оқу-әдістемелік құралдар
оқулықтардың тізімі мен университеттің электронды зертханасындағы сілтемелері 
кӛрсетіледі. 
Білім алушының ӛлшеу нәтижелерін жазып жүретін арнайы дәптері болуы керек. 
Осы дәптердің кӛмегімен студенттер ӛздерінің жұмыстарын оқытушыға тапсыру кезінде 
жіберген қателерін тез анықтауға кӛмектеседі. 
Зертхана жұмыстарын жетілдіру барысында кейбір күрделі зертхана жұмыстарын 
түсінуге жеңіл жұмыстарға алмастырып немесе мазмұны жаңа зертхана жұмыстарын 
қоюға болады. Мұның барлығын бір ғана оқытушының жауапкершілігіне жүктелмейді. 
Жаңа зертханалық жұмысты оқу бағдарламасына қосу үшін дәріс, практика сабағын 
жүргізуші оқытушылар, зертханашы бірігіп талдау жүргізе отырып, арнайы әдістемелік 
нұсқау жасайды. 
Ӛлшеу жұмысын орындауға кіріспес бұрын, білім алушы зертханалық жұмыстың 
мазмұнымен толықтай танысады. Зертхана жұмысының құрылымы жұмыстың атауы
оның мақсаты, қолданылатын құралдар-жабдықтар, теорялық бӛлімі (зерттелетін құбылыс 
немесе заттың маңызы, анықтамасы, анықтамалық мәліметтер, заңның математикалық 
формуласы және т.б.), жұмысты орындау тәртібі немесе әдістемесі (ӛлшеу әдісінің нақты 
сипаттамасы, қондырғы схемасы, жұмыс формуласы), ӛлшеудің сипаттамасы (ӛлшеу 
саны, ӛлшенетін шамаларлы жазуға қажетті кестелердің үлгісі), ӛлшеу нәтижелерін ӛңдеу, 
әдебиеттер, бақылау сұрақтарынан тұрады. 
Білім алушы орындау үшін таңдап алған жұмыстың теориялық бӛлімімен таныспай 
орындаған жағдайда ӛлшеу нәтижелерінен алынған мәндердің еш маңызы жоқ екенін 
түсінуі керек. Ол үшін оқытушы зертхана жұмысын орындамас бұрын білім алушыдан 
жасалатын жұмысқа қатысты сұрақтар қойғанда тұшымды жауап ала алмайтын болса, 
онда зертхана жұмысын жасауға рұқсат бермейді, егер жұмыстың мақсатын біліп, құрал- 
жабдықтардың қызметін, онымен қалай жұмыс жасауға болатынын, теориялық 
материалдарды терең меңгерген болса, немесе аздаған мәселелерді түсінбеген болса, 
оқытушы ӛз тарапынан демеп, қосымша дайындалуға ұсыныс айтып, зертхана жұмысын 
орындауға рұқсат береді. Білім алушы ӛлшеу кезіндегі кездейсоқ және жүйелік 
қателіктерді ажырата білетіндей болуы керек. 
Зертханалық жұмысты дұрыс орындау үшін қондырғының жұмыс жасау 
принципін, құрылысын жақсы оқып-үйренуі керек. Әдістемелік нұсқаулықтарда 
қондырғының құрылысының принципі нақты беріледі, бірақ ӛлшеу барысында 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   527




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет