2. Омыртқа жотасының жалпы құрылысы, бөліктері, иілімдері


Білек сүйектері: шынтақ ,кәріжілік сүйектері. Уникальность: 95%



Pdf көрінісі
бет13/199
Дата14.10.2023
өлшемі1,83 Mb.
#114838
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   199
Байланысты:
Анатомия сессия жауап 2021 Erkebulan

10.Білек сүйектері: шынтақ ,кәріжілік сүйектері. Уникальность: 95%
 
Шынтақ сүйек(ulna) ұзын , түтікті сүйектерге жатады.Оның денесі(corpus 
ulnae),проксималді және дистальді эпифизі мен диафиз бен эпифизді байланыстырып 
тұратын метафизі болады. 
Проксимальді эпифизінде екі өсіндісі болады: алдында тәжтәрізді өсінді(processus 
coronoideus) және артқы,жуандау келген шынтақ өсіндісі(processus olecranon) болады.Екі 
өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығына арналған тілік болады(incisura 
trochlearis) және де кәрі жілікпен буындасуға арналған тілік болады(incisura 


radialis).Праксимальді эпифиз бен диафиздің арасында шынтақтың бұдыры 
болады(tuberositas ulnae). 
Диафизінде(денесінде) 3 қыры болады: алдыңғы қыр(margo anterior) , артқы қыр(margo 
posterior) және сүйек аралық қыр(margo intoresseus) (ол кәрі жілік жаққа қарап 
тұрады).Шынтақ сүйегінің 3 беті болады:алдыңғы беті(facies anterior),артқы беті(facies 
posterior) және медиальді беті(facies medialis) болады. 
Шынтақ сүйектің дисталді эпифизінде дөңгелек басы(caput ulnae) болады,басының 
медиалді бөлігіне қарай біз тәрізді өсінді(processus styloideys) болады.Баста буындық 
айналма(circumferential articularis radiali) болады одакәрі жілікпенбуындасатын жері 
болады.Және де шынтақсүйектің білезікпен бекінуге арналған буындық беті болады. 
Кәрі жілік (radius)- шынтақ сүйегінің латералды жағында және шынтақ сүйегінің алдына 
қарай орналасқан. Оның проксималді эпифизі, денесі және дисталді эпифизі болады.
Проксималді эпифизінде басы (caput radii), басынан төменірек мойны (collum radii), 
мойнынан төменірек кәріжілік бұдыры (tuberositas radii) бар. Осы кәріділік бұдыр арқылы 
бұлшықет бекиді. Басында тоқпан жілікпен буын құрайтын буындық шұңқыры (fovea 
articularis), ал басының буын қапталында шеңбер бағытта орналасқан буын беті 
(circumferential articularis) бар. 
Денесінде 3 қыры бар: алдыңғы қыр(margo anterior), артқы қыр(margo posterior), 
сүйекаралық қыр(margo interosseus). 
Денесінде тағы 3 беті бар: алдыңғы беті(facies anterior), артқы беті(facies posterior), 
латералді беті(facies lateralis). Алдыңғы бетінде сүйектік қантамырлар тесігі(foramen 
nutricium) бар. 
Дисталді эпифизі жуандау және қалыңдау болып келген. Оның бүйірінде бізтәрізді өсінді 
(processus styloideus) бар. Және шынтақ сүйегімен буын құрау үшін шынтақ жіліктік тілігі 
(incisura ulnaris) орналасқан. Бізтәрізді өсіндінің жанында дорсалды төмпешігі (tuberculum 
dorsale) бар. Алдыңғы беті ойыстау және жазықтау. Ал артқы беті дөңестеу және бұдыр 
болып келген. Білезік сүйектерімен буын құрайтын буын беті (facies articularis carii) екі 
шұңқырға бөлінген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет