superioris) арасында орналасса, velum medullare inferius мишықтың төменгі
аяқшаларының (pedunculi cerebellaresinferiores) жиегінде орналасады. Және осы velum
medullare inferius төртінші қарыншаның тамырлы жамылғысын (tela choireidea ventrculi
quarti) құрайды. Ол жамылғыда төртінші қарыншаны торлы қабықастындағы кеңістікпен
байланысатыратын үш тесік бар. Ол тесіктердің екеуі латералді (apertutae laterals ventriculi
quarti), біреуі ортаңғы (apertura mediana ventriculi quarti) болып табылады. Тағы да
төртінші қарыншаның төбесінің ортасында мишық құртының түйіншегі (nodulus) бар.
Төртінші қарыншаның түбі көпірдің және сопақша мидың дорсальды беттері арқылы
пайда болған ромб тәрізді шұңқырдан (fossa rhomboidea) құралады. Оның жоғарғы
бұрышын мишықтың жоғарғы аяқшалары, ал төменгі бұрышын төменгі аяқшалары
құрайды. Осы ромб тәрізді шұңқырда көлденнең орналасқан төртінші қарыншаның милық
жолақтары (stira stirae medullares) болады. Бұл жолақ шұңқырды екі үшбұрышқа бөліп
тұрады. Ал тік бағытта орналасқан ортаңғы жүлге болса шұңқырды (sulcus medinus) оң
және сол жарты үлестерге бөледі. Ромб тәрізді шұңқыр бұдан да басқа құрылымдардан
тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: