Қазақ және түрік тілдеріндегі жаңа қолданыстардың лингво-когнитивтік даму жүйесі


«Жаңа қолданыс» және «неологизм» ұғымдарының қазақ тіл



Pdf көрінісі
бет16/100
Дата14.10.2023
өлшемі2,66 Mb.
#114878
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100
Байланысты:
Бисенгали диссертация

1.2 «Жаңа қолданыс» және «неологизм» ұғымдарының қазақ тіл 
білімінде зерттелуі
Зерттеу нысанына орай жұмыста «жаңа қолданыс» пен «неологизм» 
ұғымдарын өзара салыстырып, айырмашылықтарын көрсетіп, соның негізінде 
«жаңа қолданыс» ұғымының анықтамасын беруге тырыстық. Қазақ тіл білімінде 
«жаңа қолданыс» пен «неологизм» ұғымдары мағыналас, ұқсас ұғымдар ретінде 
көбінесе қатар қарастырылады.
Осыған орай «жаңа қолданыс» анықтамасына қатысты Ә. Қайдар,
Р. Сыздық, Ш. Сарыбаев, Ө. Айтбаев, А. Алдашева, Қ. Қадырқұлов т.б.
зерттеушілердің пікір айырмашылықтары байқалады. 
Мысалы, А. Алдашеваның «Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі жаңа 
қолданыстар» (1992) тақырыбындағы кандидаттық диссертациясында жаңа 
қолданыстарға мынадай анықтама беріледі: «Неологизмді, окказионалды 
сөздерді, жеке авторлық сөздерді, потенциалды сөздердің бәрін біріктіріп, 
«лексикалық жаңа қолданыстар» дейміз [12]. 
Бұл сабақтастықты академик Р. Сыздық пен академик Ә. Қайдар да атап 
көрсетеді: «Олар (жаңа қолданыстар – А. Б.) – бүгінгі таңда күнделікті баспасөз 


22 
бетінде, радио мен телехабарларда, ғылыми әдебиетте, тіпті көркем әдебиетте де 
пайда болып, қолданылып жатқан соны сөздер, тосын тіркестер немесе жаңа 
мағынада жұмсалып отырған байырғы сөздер» [13, б. 4].
Сондықтан жаңа қолданыстардың сонылық сипатымен қатар қалыптасу 
үстіндегі және коммуникативтік-ақпараттық (прагматикалық) қызметі негізінде 
анықталатын терминдік әлеуетіне мән беріледі. 
Ә. Қайдар жаңа қолданыстарды: «Бұрын бар сөздер негізінде жасалатын 
лексика-семантикалық және аналитикалық комбинациялар» ретінде санайды [7, 
б. 121].
Бұл тұжырымын дәлелдеу үшін ғалым жаңа сөз ұғымына ерекше назар 
аударып, ойын былайша өрбітеді: «Тіл байлығының тағы бір қайнар бұлағы – 
«жаңа сөз» жасау, сөздерді жаңа мағынада қолдану. Бұл тәсіл – тіл байытудың 
ең бір құнарлы да қуатты көзі. Жанды организмдегі миллиондап өліп, 
миллиондап жаңаланып жататын клеткалар секілді тіл де дәл осындай дамылсыз 
жаңаруда күй кешеді. Бірақ тілдің бір ерекшелігі – шын мағынадағы «жаңа 
сөздің» жасалуы тіл қорында сирек кездесетін құбылыс. Мәселен, мен өз басым 
кейінгі жүз жыл ішінде, айталық, қазақ тілінде дүниеге келген, өте сирек, бұрын-
соңды болмаған «су жаңа» төл түбірді атай алмаймын. Өйткені ол болмыста жоқ. 
Қазақ тіліндегі бір жарым мыңдай бір буынды төл түбір сөздеріміздің төркіні 
тым алыста, мыңдаған жылдар қойнауында жатыр. Ал сіздер мен біздердің күнде 
айтып жүрген «жаңа сөздеріміз» шын мәнісіндегі жаңа сөздер емес, тіліміздегі 
байырғы түбірлерден сөз жасау модельдері негізінде пайда болған туынды 
дүниелер. Олар дүниеге тіл қажетін өтеу үшін келген, оларды біз өзіміз тілімізде 
әбден қалыптасқан дәстүрлі тәсілдер арқылы жасадық. Түбір ескі, тәсіл ескі, 
бірақ сөз жаңа, өйткені ол жаңа ұғым, мағынаға ие болды» [7, б. 122].
Осыған үндес академик Р. Сыздықтың мына пікірі «жаңа қолданыс» 
ұғымына берген анықтаманы толықтыра түседі: «Әдетте, жаңа сөз дегеніміз – 
тілде бұрыннан бар сөздердің (түбірлердің) жұрнақ, жалғау, бір-бірімен 
қосақталу (бірігу, кірігу, жұптасу), тіркесу, қысқарып барып бірігу 
(аббревиатура), мағына ауыстыру сияқты амалдардың бірі арқылы құбылған 
түрлері. Бірақ олар естіліп барып, өшіп кететін дыбыс жаңғырықтары емес, 
материалдық дүниелер – тіл единицалары, яғни белгілі бір ұғымды білдіретін 
дербес сөздер (және тіркестер), сөздік қазынаны молайтатын, тілдің ілгері даму 
процесін көрсететін бағалы дүниеліктер» [10, б. 121].
Қазақ неологиясы мен неографиясы мәселелерін өткен ғасырдың 
алпысыншы жылдарынан бастап зерделеген академик Р. Сыздық кейінгі 
еңбектерінде «жаңа қолданыстар» / «жаңа атаулар» / «тілдегі жаңалықтар» / 
«тілдік жаңалықтар» / «лингвистикалық жаңа бірліктер» / «тілдегі жаңа 
лексикалық бірліктер» / «жаңа сөздер» дегендерді синонимдес мағынада 
ұсынған.
Ал осы мәселені арнайы зерттеген профессор А.М. Алдашева «жаңа 
қолданыстар» және «лексикалық жаңалықтар» деген терминдерді қатар 
қолданады. Осымен байланысты «неологизм», «жаңа сөз», «жаңа қолданыс», 
«терминдер», «окказионал сөздер», «әлеуетті сөздер» т.б. аталымдардың айқын 


23 
жіктеліп, бірізді қолданысқа түспеуін ғалым А. Алдашева тұжырымдарына 
сүйеніп, түсіндіруге болады: «Алайда қазақ тілтанымы өркендеп дамыған 1970-
1990 жылдар аралығында осы мәселе тікелей сөз болатын ғылыми зерттеулердің 
өзінде ғалымдардың пікір-тұжырымдары бір-бірімен қиюласа қоймайтындығы 
байқалады. Әсіресе жалпытілдік (общеупотребительный) неологизм деген баға 
берілетін сөздерді қалай ажырату, тану әдістері мен межелері мейлінше 
айқындала қоймады...» [14, б. 3].
Ғалым атап көрсеткендей, сол кезеңдерде жаңа сөздер тіл тарихы, 
лексикография, лексикология салаларының аспектілерінде ішінара ғана аталып 
өтілгендіктен бұл заңды құбылыс еді. Шын мәнінде, «Тіл айналымына қатар 
түскен, бір мезгілде «дүниеге келген» ескі жаңа сөздің біріне әдеби тіл қызметіне 
қажетті, тіл фактісі бола алатын лексема деп, ал екіншісіне бірқолданымдық, сөз 
фактісі деп ен тағу – оңай жүзеге аса қоймайтын шаруа» [14, б. 3]. 
Сондықтан зерттеуші А. Алдаш «неологизм» мен «окказионалды сөз», 
«терминдер» қатарына жататын лексикалық «жаңалықтардың» аражігін 
ажырататын мәселелер қатарында «потенциалды сөз»
 
(қажеттілік туған 
жағдайда қолданысқа түсуге әзір тұратын сөздер тобы) ұғымына да анықтама 
береді.
Ғалымның пікірінше, қазіргі таңда қарқынды еніп жатқан терминдер мен 
терминдік тіркестердің дені неологизм аясында танылады: «Мемтерминком 
тарапынан ұсынылып, бекітілген терминдерді (олардың кейбірі бекітілгенімен, 
нормалану және қалыптану дәрежесіне көтеріле алмайды: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет