А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет25/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

Дидактикалық мақсатына қарай

- кіріспе лекция, 
- қорытынды лекция немесе шолу-қайталау лекциясы, 
- шолу лекциясы, 
Дидактикалық мақсатқа сай жіктелген лекция түрлеріне қысқаша шолу 
Кіріспе дәріс
. Ол студенттерді белгілі бір курстың мақсаты, оның оқу 
пәндері жүйесінде алатын орны мен ролі жайлы таныстырады. Сонан соң 
курсқа қысқаша шолу жасалады. Кіріспе дәрісте ғылыми мәселелер 
кӛтеріледі, ғылыми болжам жасалады, даму болашағы айқындалып, 
практикаға қосар үлесі белгіленеді.
Шолу-қайталау дәрістері
курстың немесе оның бір тармағы 
аяқталғанда оқылып, онда сол курстың, болмаса сол тармақтың ғылыми-
ұғымдық негізін қалайтын теориялық тұжырымдар қайталанады.
Шолу дәрісі
. Оны қысқаша конспект деп түсінуге болмайды. Ол курс 
бойынша негізгі мәліметтерді қамтиды. Ол кӛбінесе емтихандарға дайындық 
кезінде тиімді пайдаланылады.
Материалды жеткізу түріне орай

- проблемалық лекция, 
- лекция-визуализация, 
- алдын-ала жоспарланған қателері бар лекция,
- лекция-пресс-конференция, 
- екі адамның лекциясы (лекция вдвоем), 


- лекция-пікірталас және т.б. 
Лекция-ақпарат
– студенттерге ойластырып есте сақтау үшін арналған 
ғылыми ақпаратты баяндау және түсіндіруді мақсат еткен дәріс түрі. Жоғары 
мектеп тәжірибесіндегі кең таралған дәріс түрі. 
Проблемалық лекция
– бұл дәріс түрінде жаңа білім мәселелі сауал, 
міндет немесе жағдаят арқылы енгізіледі. Оның барысында студенттердің 
таным процесі оқытушымен ынтымақтастық және диалог арқылы 
зерттеушілік әрекетке жақындайды. Мәселенің мазмұны оның шешу жолын 
іздеу немесе оны шешуге деген қалыптасқан дәстүрлі және қазіргі 
кӛзқарастарды талқылау барысында ашылады. 
Лекция-визуализация
– 
дәріс 
материалын 
аудиовидеотехника 
құралдары арқылы ұсынудың визуалды түрі. Ондай дәрісті жүргізу кӛрсетіп 
жатқан визуалды материалды толық немесе қысқаша түсіндіріп отырумен 
шектеледі.
Бинарлық лекция
– бұл екі оқытушының диалогы түріндегі (екі ғылыми 
мектеп ӛкілі ретінде, немесе ғалым мен практик ретінде, немесе оқытушы 
мен студент ретінде және т.с.с.) дәріс түрі.
Алдын-ала жоспарланған қателері бар лекция
– студенттерді 
ұсынылып отырған ақпаратты әрдайым қадағалауға ынталандырады (қателер 
болуы мүмкін: мазмұндық, әдіснамалық, әдістемелік, орфографиялық). Дәріс 
соңында тыңдаушылардың диагностикасы және жіберілген қателердің 
талқылауы жасалады. 
Лекция-конференция
– алдын-ала анықталған мәселе мен баяндамалар 
жүйесі негізінде ұйымдастырылатын ғылыми-тәжірибелік сабақ түріндегі 
дәріс. 
Лекция-кеңес
(консультация) – түрлі сценарийлер бойынша жүруі 
мүмкін: «сұрақ-жауап» типі бойынша немесе «сұрақ-жауап-пікірталас». 
Бүгінгі таңда оқытушылар лекция сабақтарында түрлі белсенді оқыту 
әдістерін тиімді және нәтижелі пайдаланылады. Сӛйтіп белсенді оқыту 
әдістері «лекция және семинар» арасындағы айырмашылықты біршама 
жояды. Бірақ, дәстүрлі лекция тарихи дамуында ӛзінің келесі қасиеттерін 
сақтап қалады: лекциямен студенттердің кӛп санын қамтуы, оқу материалын 
ұсынудағы жүйеліліктің сақталуы, оқу уақытының үнемделуі және т.с.с. 
Жоғары мектептегі лекцияның құрылымы: 
Кіріспе – дәрістің тақырыбы, жоспары, әдебиеті анықталады. 
Негізгі бӛлім – тақырыптың ғылыми мазмұны баяндалады, негізгі 
идеялары талқыланады, қажетті аргументтер келтіріледі.
Қорытынды – лектор тақырыпты еске түсіреді, материал бойынша 
негізгі идеяларды қайталайды, тақырып бойынша қорытынды жасайды және 
студенттердің сұрақтарына жауап береді. 
Жоғары мектепте лекцияны құрастырудың алгоритмі: 
Мақсат – міндеттер - мазмұн -
әдіс-тәсілдер – құралдар – форма – 
тапсырмалар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет