А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы


Тақырып 1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

Тақырып 1. Жоғары мектеп педагогикасының пәні мен міндеттері 
1.1 Педагогикалық ойлар дамуының қысқаша сипаттамасы 
Кез-келген қоғам дамуының алғышарты - тәрбие мен білім берудің 
тұтас жүйесінің қалыптасуы болып табылады. Әлемдік ӛркениеттің дамуына 
білім жүйесінің тигізер әсері мол. Себебі білім жүйесі жас ұрпақты рухани 
мәдениетпен 
жақындастырады, 
қажетті 
әлеуметтік 
тәжірибемен 
қаруландырады. Адамзат қоғамы жас ұрпақты ӛмірге дайындау қажеттілігін 
қанағаттандыру мақсатында алғашқы білім ордаларын құрып, соның 
негізінде алғаш рет тәлім беруші, білім беруші, үйретуші қызметін атқаратын 
мұғалімдік мамандықтың негізін қалады. Тәрбие мен білім беруді жүйелі 
және ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттілігі бастапқыда тәрбие 
ілімдерінің, содан кейін оқыту ілімдерінің дамуына, соның негізінде 
педагогика ғылымының қалыптасуына әкелді.
Педагогика ғылымының мәні мен заңдылықтарын терең түсіну үшін 
«педагогика» ұғымының этимологиясын қарастыруды қажет етеді. 
Педагогика сӛзі гректің 
«рaidos» - бала, «ago» - жетелеу
деген сӛзінен 
шыққан, сӛзбе-сӛз аударғанда баланы жетелеу мағынасын білдіреді. 
Бастапқыда педагог деп ежелгі Грекиядағы ауқатты адамдардың балаларын 
жетелеп жүрген құлды айтқан. Біртіндеп педагог сӛзі кең мағынаға ие болып, 
бүгінгі таңда «баланы ӛмірге жетелеуші», яғни тәрбиелеуші, оқытушы деген 
мағынаны білдіреді. Педагог қызметінде осы мамандықтың қалыптасу 
кезінен бері тәрбиелік қызмет ерекше маңызға ие. Мұғалімнің атқаратын 
қызметтерінің ішінде тәрбиелік міндеттер маңызды және ауқымды орын 
алады. Сондықтан педагогика ұғымының мәнін ашуда, оның тәрбиелік 
аспектісі бірінші орында тұрады. 
Педагогика - адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ол 
тәрбие, оқыту мен білім беру туралы ғылым. Ғылым ретінде педагогика 
тәрбие, оқыту мен білім берудің заңдылықтары мен қағидаларын, түрлері 
мен әдістерін зерттейді.
Педагогика ғылымы дамуының алғышарттары Ежелгі Мысыр және 
Ежелгі Грекия мен Рим мектептерінде қалыптасқан. Ежелгі дәуір 
мектептерінде қалыптасқан оқыту мен тәрбиенің тәжірибесі педагогикалық 
теория мен тәжірибесінің негізін қалады. Авторитарлық қарым-қатынас 
жүйесіндегі үлгі-ӛнеге мен ауызша оқыту әдістеріне сүйенген сол дәуірдегі 
оқыту тәжірибесі мұғалімнің оқыту ӛнеріне негізделген еді. Ежелгі дәуірдегі 
тәрбие мен оқыту мұғалім беделі мен ӛнеріне тәуелді болды.
Педагогикалық теория негізін қалаған Демокрит, Сократ, Платон, 
Аристотель, Марк Квинтилиан, Цицерон және т.б. ойшылдардың 
философиялық трактаттарында жеке тұлғаны қалыптастырудың негізгі 
идеялары, тәрбие мен оқытудың мақсаты мен мазмұны, олардың тұлға 
дамуына әсері зерттелді. Сӛйтіп, педагогиканың теориясы бастапқыда 
философия құрылымында дами бастады. 
Орта ғасырда Батыс Еуропадағы католиктік шіркеудің қоғамның 
рухани ӛмірін бақылауда ұстап, жастар тәрбиесінің мақсаты мен мазмұнын 
діни тәрбиеге бағыттады. Орта ғасырлық дәуірдің прогрессивті идеяларына 


Католик шіркеудің Иезуит ордені мектептерінде жас мұғалімдердің 
оқытушылық тәжірибесін дамытуға бағытталған тәлімгерлік ету тәжірибесін 
жатқызуға болады. 
Орта ғасырлық догматизм салдарынан дамуы тежелген гуманитарлық 
және 
жаратылыстану 
ғылымдарының 
қайта 
жанданып 
дамуына, 
педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуына маңызды әсерін тигізген Қайта 
ӛрлеу дәуірінің Э.Роттердамский, Т.Мор, Ф.Рабле, В.Фельтре, М.Монтень 
және т.б. ойшылдар негізін салған гуманизм идеясы негіз болды. 
Философиядағы гуманизм идеялары қоғамда теократияның орнына 
гуманизм, яғни адам ӛмірі мен мүдделерінің құндылығын жариялады. 
Қоғамда адам құндылығының ӛсуі оның тұлғасының рухани кемелдендіру, 
жан-жақты дамытуға бағытталған тәрбие мен оқыту үрдістерін ғылыми 
негізде ұйымдастыру қажеттілігін негіздеді. Бұл жағдайлар педагогиканың 
ғылыми негіздерінің қалыптасуына, оның философиядан бӛлініп шығуына 
әкелді.
Педагогика жеке ғылым саласы ретінде философиялық ғылымдар 
жүйесінен ХVІІ ғ. бӛлініп шыға бастады. Ағылшын философы, 
жаратылыстанушы, педагог Френсис Бэкон (1561-1626) 1623 жылы 
«Ғылымның қадір қасиеті және жетілуі» атты трактатында ғылымдардың 
жіктелуін ұсына отырып, ғылымдар құрылымында педагогиканы жеке бір 
ғылым саласы ретінде кӛрсетті.
Педагогиканың прогрессивті идеяларының түпнұсқасы болып 
табылатын «Ұлы дидактика» еңбегінде чех ғалым-педагогы Ян Амос 
Коменский (1592-1670) дидактиканың әдіснамасын ұсынды, сӛйтіп 
педагогиканың ғылыми негізін қалады. ХХІ ғасырдың ӛзінде ӛзектілігін 
жоғалтпаған және тәжірибелік маңыздылығын жоймаған білім берудегі 
табиғатпен және мәдениетпен үйлесімділік қағидалары, философияның 
сенсуализм теориясына негізделген түсіндірмелі-иллюстративті оқыту ілімі, 
сынып-сабақтық оқыту жүйесі, оқытудың кӛрнекілігі, саналылығы мен 
белсенділігі, түсініктілігі және басқа да дидактикалық қағидалары ғылыми 
педагогиканың негізін құрады.
Оқыту мен тәрбиені ұйымдастырудың ғылыми негіздерін құрастыруға 
орасан зор үлесін қосқан классикалық педагогика ӛкілдері: И.Гербарт, 
А.Дистервег (Германия), Дж.Локк (Англия), Ж.Ж.Руссо (Франция), 
И.Песталоцци (Швейцария).
Дж.Локк «Тәрбие жӛніндегі ойлар» деген еңбегінде тәрбиенің 
психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен 
мән береді. Жан-Жак Руссо баланы табиғаттан дарынды, тәрбие баладағы 
қасиеттерді еркін дамытуға кедергі болмауы тиіс деп жазады. 
И.Г.Песталоцци педагогикада алғашқылардың бірі болып, тәрбиелеу 
мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің 
маңыздылығын «Лингард пен Гертруда» атты еңбегінде жазды. Ол 
адамгершілік тәрбиесіне ерекше мән берді. Педагогика ғылымына «білім 
беру» терминін алғаш рет енгізді. Ал И.Гербарт оқыту мен тәрбиелеудің 
психологиялық негіздерін алғаш рет жобалап берді және ғылыми айналымға 


«тәрбиелей оқыту» ұғымын енгізді. А.Дистерверг педагогикалық теорияның 
прогрессивті-демократиялық бағытын дамытты. Неміс педагогтарының 
оқыту тәжірибесін дамытуға үлкен үлесін қоса отырып, Я.А. Коменский 
сияқты ана тілінде білім беру мәселесін алға тартты. 
Ресейдегі педагогиканың дамуы Константин Дмитриевич Ушинский 
атымен байланыстырылады. Орыс педагогикасының негізін салушы 
К.Д.Ушинский Я.А.Коменскийдің прогрессивті педагогикалық идеяларын 
жалғастырып, орыс мектептерінің тәжірибесіне енгізді. Оның дидактиканың 
әдіснамасына қосқан үлесі зор. Л.Н.Толстой орыс педагогикасында еркін 
тәрбие идеясымен танымал болды. Ресейде жоғары білімнің дамуына және 
ана тілінде білім беру ісінің дамуына елеулі үлесін қосқан М.В.Ломоносов 
болды.
Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ алғашқы педагогикалық 
ой-пікірлердің дамуы VІ-ІХ ғасырлардан бастау алады, бұл қоғамдық 
сананың алғаш дүниеге келу кезеңі (Орхон-Енисей жазу ерекшеліктері, 
Қорқыт ата тағылымдары және т.б.) болып табылады. Қазақстанда 
педагогикалық ой-пікірдің дамуы Әл-Фараби, Әл-Бируни және басқа Орта 
Азиялық ойшылдардың тәлімдік ойларымен байланыстырылады. 
Отандық ғалым Қ.А.Сарбасова ӛзінің «Қазіргі педагогика ғылымының 
қайнар кӛздері» атты педагогикалық еңбегінде Әл-Фарабиді педагогиканың 
негізін салушы ретінде ұсынады және оған дәйек ретінде ғұлама-ойшылдың 
идеяларын алға тартады. Мәселен, Әл-Фарабидің педагогиканың негізгі 
ұғымдары болып табылатын оқыту мен тәрбиеге берген түсініктемелерін
келтіреді: «Оқыту адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық 
дарыту болады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа белгілі қимыл-әрекет 
дағдысын егеді...». Сӛйтіп, ғалым Әл-Фарабидің педагогикалық ұғымдарға 
берген анықтамасы қазіргі педагогикада «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына 
берген анықтамалармен сабақтасып, ӛзара байланысып жатқандығын 
дәлелдеді. 
Орта ғасырдағы прогрессивті идея болған және бүгінге дейін 
кӛкейкестілігін жоймаған Әл-Фарабидің білім беруді ізгілендіру туралы 
педагогикалық ойлары педагогиканың ғылыми негіздерінің дамуына зор 
ықпалы болды. Қ.Жарықбаев, Ж.Абдильдин, Ғ.Есім, Ә.Нысанбаев және т.б. 
отандық ғалымдар ұлы ғұлама мұрасында педагогика ғылымының 
әдіснамалық негізі болып табылатын таным теориясы және білім беру 
философиясы жүйелі және жан-жақты сипатталып қарастырылғандығын 
кӛрсетті. 
Отандық педагогикалық ойлардың даму тарихында Ш.Уәлиханов, 
А.Құнанбаев және олардың ағартушылық идеялары ерекше орын алады. 
Олар тұлға дамуында рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеудің, 
еңбек тәрбиесінің маңыздылығын ӛз ағартушылық-мәдени мұраларында 
қалтырды. 
Қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан кӛрнекті орын 
алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, демократ-ағартушы тұңғыш 


педагог, ақын - жазушы Ыбырай Алтынсарин (1841-01889) – орыс - қазақ оқу 
- ағарту саласының негізін салушылардың бірі.
Ы. Алтынсарин оқыту әдістерін баланың оқуға деген ынтасы мен 
қызығушылығын арттыруды кӛздей отырып құрды. Мектеп оқуында, ана 
тілін үйретуде ұлы педагог К.Д. Ушинскийдің терең ойларын басшылыққа 
алды. 
―Қазақ 
хрестоматиясын‖ 
жазуда Ыбырай 
Алтынсаринға 
К.Д. 
Ушинскийдің педагогикасы мен оның ―Балалар әлемінің ―, Л.Н.Толстойдың, 
И.И. Паульсонның, Н.А.Корфтың және басқаларының оқулықтарының күшті 
әсері болды. 
К.Д.Ушинскийдің 
―Балалар 
әлемінде‖ 
оқу 
мазмұны 
бала 
ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми материалдар арқылы берілді . 
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ӛзіне тән ұлттық-тәрбие 
үрдістерін ағарту ісімен ұштастыра отырып, бүгінгі педагогика саласындағы 
бірнеше бағыттардың негізін салды. Халықтың ұлттық тәлім-тәрбиесі 
негізінде ол Қазақстандағы ұлттық мектептердегі оқыту ісінің әдістемесінің 
іргетасын қалады. Ол Қазақстандағы мектептердегі оқыту, білім беру ісін бір 
жүйеге келтіруді талап етіп, белгілі бір жолға қойды. Оның жаңашыл 
әдістерінің бірі - оқытудағы оқу үрдісін ана тіліне негіздей отырып, орыс 
тілін меңгеру болса, оқу үрдісіндегі жаңашыл идеясының бірі – оқулықтар 
мен оқу құралдарын орыс графикасына сүйене отырып, жаңа алфавит 
негізінде жасау болды. Ыбырайдың бұл ісі–ағарту саласындағы ұлттық 
тәлім-тәрбие мен білім мазмұнын сақтай отырып, күнделікті оқыту ісіне 
енгізу еді. Ал бүгінгі таңда Ы.Алтынсаринның бұл еңбегін мектеп 
тарихындағы білім беру ісіндегі беташары, ағарту саласына жаңаша сипат 
берген игілікті жұмыстарының тӛл оқу құралдарын дайындаудағы теориялық 
ізденістерінің бастамасы деуге болады. 
Ыбырайдың оқу-ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына 
кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, 
Қарабұтақта 
қолӛнер 
училищесін, 
Қостанайда 
ауылшаруашылығы 
училищесін ашып, қазақ жастарына қажетті мамандар даярлау ісіне зер 
салды. 
Қазақ халқының ұлы ақыны Мағжан Жұмабайұлының педагогика 
саласында да атқарған қызметі ұшан-теңіз. ―Ересектерге‖ атты сауат ашуға 
арналған оқулық кітабы мен 1922 жылы ―Педагогика‖ оқулығын жазған 
ағартушылардың бірі. 1923 жылы Орынборда басылып шыққан ―Педагогика‖ 
еңбегі отандық педагогика ғылымына елеулі үлесін қосты.
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, С.Торайғыров және басқа ағартушы 
педагогтар ұлттық білім беру ісіне прогрессивті идеяларын енгізді. 20 
ғасырдың 20-30 жылдары қазақ педагогикасы тарихына, Қазақстанның 
педагогикалық ой-пікірлерінің дамуына ӛз үлестерін қосқан басқа да білім, 
мәдениет ӛкілдері болды. Олар - А.Б. Балғымбаев, Б. Ӛтетілеуов, С. Сералин, 
Х. Досмұхамедов, С. Меңдешов, Н. Құлжанова, Е. Омаров, Г. Қарашев, 
Р.Лемберг және тағы басқалар. 


Н. Құлжанованың белсенді араласуымен сонау 20-жылдардың ӛзінде-
ақ мектепке дейінгі қазақ педагогика ғылымының іргетасы қаланды. 1924 
жылы Орынборда ―Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу‖ атты 
педагогикалық жинақ, нұсқау кітабы жарық кӛрді. Ол мектепке дейінгі 
тәрбиенің мазмұн, мақсатын баяндай келіп, баланың қимыл-қозғалысын, 
сезім мүшелерін, сӛйлеу, ойлау, ерік-жігерін жетілдіру жолдарына да кӛңіл 
бӛледі. Ол сондай-ақ ересектер мен сәби, бӛбектер арасындағы қарым-
қатынас мәселесіне ерекше кӛңіл бӛледі: ―балаға сусындай керегінің бірі-
сӛйлеу. Білімнің түбірі, негізі - баланың сӛйлеуі, білуге құмарлығы. 
Сұрағына жауап бермей ―мазамды алма‖ деп, үнемі баланың бетін қайтару 
арқылы оның сол білуге құмарлығының негізін жоғалтып жіберуге болады‖,-
дей келе, автор бала ойынының тани-білу құмарлығымен ұштасып 
жататындығын ескертеді. 
Р.Лемберг 1940 жылдары «Сабақтың құрылымы проблемасы», «Білімді 
бекіту және сабақтағы біліктілік» және т.б. дидактикалық мәселелерді 
зерттеді. Ғалымның «Оқыту әдістемесі» және «Дидактикалық очерктер» атты 
еңбектері отандық педагогика ғылымының дамуына зор үлесін қосты. Оның 
ғылыми мектебінің шәкірттері – Г.А.Уманов пен Н.Д.Хмель. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет