А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет30/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

 
 
Тақырып 6. Жоғары мектептегі оқыту әдістері 
6.1
 
 Оқыту әдістері туралы түсінік. Оқыту әдістерінің жіктелуі 
Қалай оқыту керек? дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде 
оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс - жоспарланған мақсат пен 
соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу процесінің ӛзегі болып 
табылады. 
Оқыту әдiсi дидактиканың негiзгi бiр құрамды бӛлiгi болып табылады. 
Себебi, оқыту процесi оның мақсаты, мазмұны, әдiстерi және ұйымдастыру 
формаларының бiртұтастығы болып табылады. 
Әдiс деген сӛз гректiң ''metodos'' деген сӛзiнен шыққан. Метод деген 
ұғым 
белгiлi ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудiң жолдары 
деген 
мағынаны бiлдiредi. Оқыту әдiстерi туралы әрбiр автор ӛз анықтамасын 
бередi. 
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сӛздiк ''әдiс'' – мақсатқа қол 
жеткiзетiн жол, тәсiл, белгiлi жолмен тәртiпке салынған iс-әрекет''- деген 
анықтама бередi. 
Оқыту әдiсi – білім алушыларға бiлiм беру және оларды дамыту 
мақсатында оқытушы мен білім алушылардың бiрлесiп жасайтын қызметi 
мен қарым-қатынасының тәсiл-амалдары – деген де пiкiр айтылады. 
Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың жұмыс iстеу әдiсi, 
оның арқасында бiлiм, iскерлiк, дағды қалыптасып, білім алушылардың 
дүниетанымдылығы мен қабiлеттiлiгi артады. 
Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың бiрлесе жасайтын 
әрекетi. 
Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекетiнiң 
барысында бiлiм алу жолдары. 
Оқыту әдiстерi – оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекетiнiң 
негiзiнде бiлiм, тәрбие және таным процесiн жетiлдiру. 


''Әдiске'' қатысты анықтамаларда бәрiне ортақ пiкiр: ''белгiлi бiр 
мақсатты кӛздеген оқытушы мен білім алушылардың арасындағы ӛзара 
қарым-қатынас және iс-әрекет''. 
Олай болса 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет