А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет35/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
ЖМП китап

Оқытушылық тренинг 
Тренинг сӛзі ағылшын тіліндегі Training – тәрбие, оқыту, дайындық
деген сӛзінен шыққан.
Тренингтер іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыруға және 
жетілдіруге, белгілі бір іс-әрекеттің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған 
түрлі жаттығулардың бағдарламасын жоспарлы жүзеге асыру арқылы іске 
асырылады. 
«Тренинг» түсінігі жаттығу, белгілі бір іскерліктерді жаттықтыру деген 
сӛзден құралған, алғашында психологияда құрастырылып пайдаланылған, 
оқушылардың дамуында жоғары нәтижелілігінің болуына байланысты ол 
бүгінгі күні жоғары қолданысқа ие.
З.А.Исаева, А.К.Мынбаева, З.М.Садвакасова айтуынша тренинг теория 
мен практика арасында, қабілеттіліктер мен іскерліктер арасында 
байланыстырушы функцияларды атқарады. 
Сӛйтіп, тренингтер деп оқылатын материалды практикалық 
жаттықтыруға басты назар аударылатын оқыту түрін атайды. Ол арнайы 
құрастырылған жағдайларды модельдеу барысында оқушыларға қажетті 
білімдер мен дағдыларды дамытуға және бекітуге, ӛз тәжірибесіне басқаша 
кӛзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіншілік береді.
Тренинг ұғымы жалпы жинақтаушылық сипатқа ие, ӛйткені 
тренингтерде кең тұрғыда түрлі белсенді оқыту әдістері мен техникалары: 
іскерлік, рӛлдік және имитациялық ойындар, нақты жағдаяттарды талдау 
және топтық дискуссиялар қолданылады.
Пікір-талас
.
Еліміздегі Университетке дейінгі Пікірталастардың Ұлттық Лигасы 
пікірталас ойындары туралы келесі пікір айтады: «Пікірталас (ағылшын - 
debate) - пікір-сайыс, белгілі бір құбылыс немесе мәселе бойынша пікір 
таластыру. Пікірталас талқылауды қажет ететін мәселелерді (спорных 
проблем) бӛлшектенген құрылымдық зерттеу үшін арналған. Сонымен бірге, 


логиканы, сыни ойлауды және демократиялық диалогты жүргізу дағдыларын
дамытудың тиімді жаттығуы болып табылады». 
Бүгінгі түсінігіміздегі пікірталастар, белгілі бір мәселелерді шешуде 
шешен сӛз шеберлерінің пікірталастары ретінде Ежелгі Грецияда пайда 
болды. Кейін пікірталастар Еуропада пайда болды, әсіресе пікірталастар 
АҚШ-та кең таралды. Осында пікірталастардың дәстүрлері дамытылып 
жетілдірілді. Бүгінгі күні, КСРО құрамына кірген кӛптеген мемлекеттер 
ашық және демократиялық қоғам құру мақсатында пікірталастарды 
қолдануда. Біртіндеп, үлкендер қауымдастығынан пікірталастар жастар 
қауымдастығына ене бастады. Қазір, пікірталастар әлемдегі студенттер мен 
оқушылардың айналысатын кең таралған қызықты ісіне айналуда. Оған 
дәлел, бүгінгі күні пікірталас турнирлері халықаралық деңгейде ӛткізілуде.
Пікірталас 
ойындарының 
мақсаты 
– 
білім 
алушылардың 
дүниетанымын кеңейту, санасын, патриоттық сезімдерін және азаматтық
белсенділіктерін дамыту. Пікірталас ойындары келесі дағдыларды дамытады: 
- логикалық және сыни ойлауды; 
- ауызша сӛйлеу дағдыларын; 
- түрлі кӛзқарастар мен пікірлерге тӛзімділікті; 
- ӛзіне деген сенімділікті; 
- топта жұмыс істеу қабілеттілігін; 
- бұқаралық сӛйлеу үлгілерін, дағдыларын; 
- қорытындылар мен тұжырымдар жасау дағдыларын; 
- проблемаларды тиімді шешудің дағдыларын; 
- ӛзінің ойлау процесін бағалау дағдыларын. 
Пікірталас ойындары – ӛте пайдалы ойын, ол білім алушыларды дұрыс 
сӛйлеуге, ӛз ойларын конкструктивті түрде ұсынуға және қорғауға, 
басқаларды тыңдай білуге үйретеді. Пікірталастар - ол ереже бойынша 
топтық пікір-сайыс, ол арқылы білім алушылар ӛз пікірлерін жұдырықтың 
күшімен немесе ұрыс арқылы емес, ӛз ойларын дәйектер негізінде 
дәлелдейді. 
Пікірталас ойындарын ұйымдастыру үшін білім алушылар екі қарама-
қарсы екі топқа бӛлінеді. Әрбір топта екі-үш студенттер біріктіріледі, бірінші 
топ жақтаушы, ал екінші топ даттаушы болып тағайындалады. Білім 
алушылар алдын-ала берілген тақырып бойынша мәліметтер жинап, дәйектер 
құрастырады. Осы кезде ілім алушылар ақпаратпен жұмыс дағдыларын, 
топтық жұмыс дағдыларын, логикалық және сыни ойлау дағдыларын
меңгереді.
Пікірталас ойындары барысында әрбір топ мәселе бойынша ӛзінің 
ұстанымын конструктивті түрде ұсынады. Пікірталас арқылы білім 
алушылардың бұқаралық сӛйлеу дағдылары, ӛзіне деген сенімділік, 
сұрақтарды құрастыру, сұрықтарға жауап беру іскерлігі, ӛз пікірін дұрыс 
жеткізе білу, басқа адамдардың пікірін тыңдай білу сияқты менеджерлік 
құзыреттілік үшін маңызды дағдылар мен қасиеттерді игереді. 
Жоба әдісі. 


Жоба – ол белгілі бір актінің, құжаттың және т.б. алдан-ала, мӛлшерлі 
мәтіні, идеясы. 
Жобалар әдісі – ол мақсат бағдарлы мектептегі немесе мектептен тыс 
оқу әрекеті, ол белгілі бір бағдарлама бойынша пәндік, пәнаралық оқу, 
ізденіс, зерттеу, практикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Студенттер жобасы – ол білім алушылардың шығармашылық, кӛп 
жағдайда ӛз бетінше әрекеті, ол ӛзіне қамтиды: 
- жобаның идеяларын немесе қосалқы міндеттерін жүзеге асыруға 
қажетті ақпаратты іздеу, жиналған материалды талдау және жалпылау; 
- ӛз зерттеу жұмысының болжамдарын құрастыру, эксперименталдық 
тексеру немесе эксперименталдық мәліметтерді жинақтау, ұсынылатын 
идеяларды теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 
- ӛткізілген зерттеулер нәтижелері негізінде әлеуметтік маңызды 
практикалық әрекетті іске асыру. 
Қандай болмасын жоба бірнеше кезеңнен тұрады: жоба жасау 
алдындағы жағдайды диагностикалау, жоба барысында шешілетін 
міндеттерді анықтау, іс-әрекеттің барлық кезеңдерін іске асыру, нәтижелерді 
талдау және практикалық ұсыныстарды құрастыру.
Жобалық іс-әрекетке қатысып отырған студенттердің бойында ақыл-ой 
әрекеті белсендендіріледі, танымдық пен әлеуметтік белсенділіктері артады, 
дүниетанымы кеңейеді, білімді саналы түрде меңгеріп, оны практикада 
қолдану мүмкіншілігін арттырады. Сонымен бірге, білім алушылар 
проблеманы шешу, ақпаратты жинақтау және оны сараптау дағдыларын, 
зерттеу іс-әрекетінің іскерліктері мен дағдыларын меңгереді. Жобалық іс-
әрекет білім алушыларға оқытушылармен, басқа студенттермен, басқа да 
адамдармен ӛзара әрекеттесуге, ынтымақтасуға, ұсыныстар жасауға, ӛз 
идеяларын ұсынып, оларды қорғауға мүмкіндік береді.
Жобамен жұмысты бастамас бұрын білім алушылар келесі сұрақтарға 
жауап берулері қажет: мен нені істегім келеді? Мен нені үйренгім келеді? 
Мен кімге кӛмектескім келеді? Менің жобамның аталуы. Жоба мақсатына 
жету үшін мен қандай жұмыстарды атқаруым керек? Ӛз жауаптары негізінде 
оқушылар ӛз жобаларының жоспарын келесі үлгі бойынша құрастырады: 
жоба тақырыбы, жобаның проблемасы (мен үшін ол неге маңызды?), жоба 
мақсаты (жобаны не үшін жасап жатырмын, қандай нәтижеге жетуім керек?), 
жоба міндеттері (мақсатқа жету үшін не істейміз), жобаны орындау мерзімі, 
жоба жетекшісі туралы мәлімет, жоспарланатын нәтиже, презентация 
формасы, жобаны орындаушы топ тізімі. Сонымен бірге, жобаны 
материалдық-техникалық қамтамасыз етудің базасы және қажетті кеңесшілер 
белгіленеді.
Жобамен жұмыс аяқтаған соң білім алушылар келесі сұрақтарға жауап 
береді: ӛз ойлағанымның бәрін орындадым ба? Не жақсы істелді? Не дұрыс 
істелмеді? Нені орындауға жеңіл болды, нені орындауда қиыншылықтар 
туды? Бұл сұрақтарға жауап беру презентацияны дайындауға кӛмектеседі 
және сарапшылардың сұрақтарына сенімді жауап беруге мүмкіндік береді.
Жобаны ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 


1.
Білім алушыларды ӛз тәжірибесін қолдануды, шығармашылық 
ізденуді және жоғары деңгейде белсенді әрекетті іске асыруды қамтамасыз 
етуі; 
2.
Алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық 
маңыздылығының болуы (мысалы, белгілі бір аймақтың демографиялық 
проблемалары жайлы баяндама жасау, осы жағдай бойынша бірлесіп газет 
жасау, немесе іс-шаралар жоспарын құрып, іске асыру және т.б.); 
3.
Білім алушылардың ӛз бетіндік іс-әрекетінің болуы (жеке, жұптық, 
топтық); 
4.
Белгілі бір әрекет ретін сақтауды қарастыратын зерттеу әдістерінің 
қолданылуы: 
-
проблеманы және одан шығатын зерттеу міндеттерін анықтау
(мысалы, бірлескен зерттеу барысында «миға шабуыл» және «дӛңгелек 
үстел» әдістерін қолдану арқылы);
-
проблеманы шешу болжамдарын (гипотезаларын) ұсыну;
-
зерттеу әдістерін талқылау (статистикалық, эксперименталдық 
әдістерді, бақылау әдісін және т.б.);
-
соңғы алынатын қорытындыларды рәсімдеу тәсілдерін талқылау 
(презентация, қорғау, шығармашылық есеп, кӛрме және т.б.).
-
мәліметтерді жинақтау, оларды жүйелеу және талдау;
-
қорытындыларды 
жасау, 
нәтижелерді 
рәсімдеу, 
оларды 
презентациялау;
-
қорытындылар, зерттеудің жаңа проблемаларын анықтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет