А. К. Игибаева, А. Т. Дюсенбаева жоғары мектеп педагогикасы



Pdf көрінісі
бет57/59
Дата14.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#114948
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
ЖМП китап

Парадигма
– барлығымен мойындалып қабылданған ғылыми 
жетістіктер, олар ғылыми қауымдастыққа белгілі бір уақыт аралығында 
мәселелерді анықтау және оларды шешудің моделін ұсынады. 
Педагогика
- адамдарды тәрбиелеу туралы ғылым. Педагогика ол 
тәрбие, оқыту мен білім беру туралы ғылым. Ғылым ретінде педагогика 
тәрбие, оқыту мен білім берудің заңдылықтары мен қағидаларын, түрлері 
мен әдістерін зерттейді. Педагогика салалары: 
Жалпы педагогика
негізгі пән ретінде білім беру, тәрбие мен оқытудың 
негізгі заңдылықтары мен қағидаларын, әдіс-тәсілдері мен түрлерін 


зерттейді. Ол ӛзіне оқытудың теориясы болып табылатын - 
дидактиканы 
және тәрбие теориясын
, халыққа білім беру ісін басқарудың теориясы 
болатын – 
мектептануды
қамтиды. 
Жас ерекшелік педагогикасы –
адам дамуының түрлі жас кезеңінде 
(мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) оқыту мен тәрбие 
ерекшеліктерін зерттейді. 
Жеке әдістемелер
оқытудың жалпы заңдылықтарын жеке пәндерді 
оқытуға қатысты қолдану ерекшеліктерін зерттейді. 
Жеке салалық педагогика
(әскери, спорттық, криминологиялық және 
т.б.). 
Еңбекпен түзету педагогикасы –
түрлі жастағы құқықбұзушыларды 
қайта тәрбиелеуді теориялық негіздеу мен тәжірибесін жасаумен 
айналысады. 
Педагогика тарихы
адамзат дамуының түрлі тарихи кезеңдерінде 
педагогикалық ойлар мен тәжірибенің даму ерекшеліктерін зерттейді. 
Педагогика әдіснамасы – 
педагогика, оның мәртебесі, дамуы, 
категориалдық аппараты, жаңа педагогикалық білім алудың жолдары туралы 
ғылым. 
Кәсіптік педагогика –
кәсіптік білім берудің (бастауыш кәсіби білім 
беру педагогикасы, орта кәсіптік білім беру педагогикасы, жоғары мектеп 
педагогикасы, ӛндірістік педагогика) теориясы мен тәжірибесін зерттейді. 
Салыстырмалы педагогика
салыстыру негізінде түрлі елдердегі білім 
және тәрбие жүйелерінің қызметі мен дамуының ерекшеліктерін зерттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет