17
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа да педагогикалық
қызметкерлермен тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес
мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметін келесі кезеңдер бойынша
ұйымдастырады:
1)
1 қыркүйек пен 31 мамыр аралығында – оқу жылы (Үлгілік
бағдарламаның мазмұнын меңгеру кезеңі);
2)
1 маусым мен 31 тамыз аралығында – жазғы сауықтыру кезеңі;
Сондай-ақ мектепке дейiнгi ұйымдар
мынадай негізгі мiндеттерді
атқарады:
1) балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
2) тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және жеке тұлғалық дамуын
қамтамасыз ететін оңтайлы жағдайлар жасау;
3) сапалы мектепалды даярлауды қамтамасыз ету;
4) азаматтылықты, қазақстандық патриотизмді, адам құқығы мен
бостандықтарын құрметтеуді, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген
сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
5) баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара қимыл
жасау;
6) ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау
бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
Жас кезеңдері мынадай:
1) бөбек жасы – 0 (жаңа туған балалар ) – 2 жастағы балалар;
2) мектепке дейінгі жас – 3-5 жастағы балалар.
Жас топтары балалардың күнтізбелік жылдағы толық жасын ескере
отырып, оқу жылының басында жасақталады:
ерте жас тобы – 1 жастағы балалар;
кіші топ – 2 жастағы балалар;
ортаңғы топ – 3 жастағы балалар;
ересек топ – 4 жастағы балалар;
мектепалды топ, мектептегі (лицейдегі, гимназиядағы) мектепалды
сынып – 5 жастағы балалар.
Достарыңызбен бөлісу: