Г азеттен іріктеп алу – бірдей атауы бойынша іріктеп алынған бір
тақырыптағы бірқатар мақалалар, белгілер қатары.
География – Жер туралы ғылым. Нысандар мен құбылыстардың ау-
мақта таралуын және өзара байланыстары мен бір-біріне ықпалын зерт-
тейді. Ерекше зерттеу пәні – табиғат-қоғам-адам жүйесі.
География мәдениеті – аумақтық мәдениетті бөлуді және кеңістік
мәдениетті зерттейтін әлеуметтік-экономикалық географияның бағыты.
Географиялық координаттар – нүктелердің экваторға (ендік) және
нөлдік меридианға қатысты жердің беткі қабатында орналасуын анықтай-
тын шамалар (бойлық).
Географиялық орта – адамзат қоғамы өз өмірінде және тарихи да-
муының осы кезеңіндегі өндірістік қызметінде тікелей байланысқа түсетін
жер табиғатының бір бөлігі. Ол адамдардың ықпалымен географиялық
қабық эволюциясының нәтижесінде пайда болды. Бұлар – жасанды өз-
герістер.
Геоурбанистика ( урбанистика) – қала орталығының дамуына және
қала тіршілігіне кешенді анализ жасап, оның функцияларының дамуына
әрекет ететін
экономикалық географияның тарауы.
График – алынған деректер нүкте түрінде бейнеленетін, түзу сызық-
тармен біріктірілетін диаграмма түрлері. Сондай-ақ сызықсыз нүктелер-
мен бейнеленеді (нүктелі диаграммалар).
Графикалық материалдар – көрнекі материалдармен (фотосуреттер,
суреттер, сызбалар, диаграммалар, т.б.) оқыту тәсілі. Ол есте сақтауға
оқытуда заттар мен құбылыстардың әрқайсысының өзіне тән жаратылыс
бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдау
және есте сақтауға баулиды.
Ғ ылыми басылым – теориялық немесе тәжірибелік зерттеулердің
нәтижелерін қамтитын басылым.
Ғылыми еңбектер жинағы – зерттеу материалдарын қамтитын
ғылыми туындылардан тұратын ғылыми басылым.