Д
амушы елдер
– өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысынан
жетекші елдерден артта қалып қойған мемлекеттердің сансыз көп тобы.
Дәйексөз
– қандай да бір мәтіннің үзіндісін, міндетті түрде дереккөзі-
не
сілтеме бере отырып, сөзбе-сөз келтіру.
Дәлелдеу
– бір нәрсені айғақтау.
Дәлелдерді негіздеу
(көзқарасты) – бір нәрсені растау үшін сенімді
уәждер келтіру немесе бір нәрсені дәлелдермен растау.
Дәлелдерді пайымдау
– басқа ой-пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін
тұжырым.
Дәстүрлі емес энергетика
– табиғи энергияның дәстүрлі емес түр-
лерінен электр қуатын өндіру (судың көтерілуі, жерасты жылуы, жел, күн,
т.б.).
Дәстүрлі табиғат пайдалану
– жергілікті байырғы халықтың тұрақ-
ты, тарихи қалыптасқан және табиғи шартталған шаруашылық іс-әрекет-
терінің түрлері.
Дебаттар
– екі тараптың өзекті тақырыптар бойынша арнайы ұйым-
дастырылған ашық пікір алмасуы.
Дезинтеграция
–
бір тұтас құрылымның ыдырауы, бөлшектенуі.
Достарыңызбен бөлісу: