Е
геменді мемлекеттер
– ішкі және сыртқы істерде дербестігі бар
саяси тәуелсіз мемлекеттер.
Ел
– саяси-географиялық тұрғыда, бұл белгіленген шегарасы бар,
мемлекеттік тәуелсіздікті (егемендік) иеленген немесе басқа мемлекеттің
билігіне бағынышты және дербестігі жоқ аумақ.
Еңбек ресурстары
– елдің немесе аймақтың халықшаруашылығын-
да жұмыс істеу үшін қажетті білім деңгейі, дене бітімінің дамуы және денсау-
лық жағдайы бар халықтың бір бөлігі.
Ж
анама дәйексөз пайдалану
– өз жұмысына автордың идеясын
немесе дереккөз материалдарын қамтып, өз сөзімен беру.
Жан-жақты оқу техникасы
– мәтіннің бір бөлігін таңдап, мұқият оқу.
Жануарлар әлемі
– қандай да бір аумақ шегінде (акватория) үнемі
тіршілік ететін жануарлардың ерекше түрлерінің тарихи қалыптасқан
жиынтығы.
Жер ресурстары
– шаруашылық мақсатта жүйелі түрде пайдаланы-
латын немесе пайдалануға жарамды және табиғи-тарихи белгілері бо-
йынша ерекшеленетін жерлер.
Жоба
– жаңа өнімді шығаруға бағытталған жоспарлар, іс-шаралар
мен басқа да тапсырмалар.
Жобалық қызмет
– жаңа өнімді (құрылғыны, жұмысты, қызметті)
шығаруға бағытталған жоспарлауды, жұмысты және басқа да іс-шаралар-
ды тұспалдайтын жобаны орындау ісі.
Жоспарлау
– алға қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстар-
ды тиімді бөлу; мақсат, міндет қоюға және болашақтағы атқарылатын
іс-әрекетке қатысты жұмыстар.
Жұмыс алгоритмі
– ақырғы нәтижеге жету міндетін шешу үшін атқа-
рушының іс-қимыл тәртібін сипаттайтын нұсқаулар жиынтығы.
Жылу-энергетикалық кешені
көмір, мұнай, газ өнеркәсіптерін, бас-
тапқы энергия тасымалдаушылар мен электр энергиясын өндіруші басқа
да салаларды қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |