Конструктивті сын – жаман нәрсені меңземей, қалай дұрыс жасауға
болатыны турасында айтылатын сын.
Көзқарас – әлдекімге немесе әлденеге қарым-қатынасына байланыс-
ты бір нәрсеге көзқарасы немесе ұстанымы.
Көкейтесті ақпарат – қазіргі кездегі құнды ақпарат.
Көлдер – құрлықтың мұхитпен араласпайтын, ерекше тіршілік
жағдайлары мен ерекше ағзалары бар, ақпайтын немесе аз ағатын суы
бар ішкі суқоймасы. Көл суының көлемі 278 мың км
3
немесе гидросфера
суының жалпы көлемінің 0,016%-ы. Өзендермен салыстырғанда, көлдер
баяу су алмасатын су тоғандары.
Көлік – табиғи-шаруашылық жүйе элементтерінің арасындағы байла-
нысты қамтамасыз ететін инфрақұрылым негізі. Көлік жүйесі (КЖ) көліктің
әр алуан түрін біріктіреді: автокөлік, теміржол, теңіз, ішкі су көліктері, құ-
быр жүргізу, авиациялық, дәстүрлі емес.
Көлік желісі – көліктің барлық түрлерінің (теңіз көлігінен басқа)
жиынтығы. Тығыздығымен, ұзындығымен, өткізу қабілетімен (белгілі бір
уақыт ішінде осы телім арқылы өтетін жүктің барынша мүмкін болатын
мөлшерімен) сипатталады. Көлік желісіне көлік магистральдары – өн-
дірістік-аумақтық байланыс жүйесінде үлкен маңызға ие негізгі көлік
жолдары кіреді. Оның даму деңгейі көлік торабының – көліктің бірне-
ше түрлерінің (темір және тасжолдар келіп тірелетін өзен порты) жолы
қиылысатын пункттерінің бар болуымен сипатталады.
Көмір өнеркәсібі – көмірді өндіру және байытуды іске асырады, жерас-
ты (шахталық) және ашық (қима) көмір өндірісі, жартылай дайын өнім-
дерді (көмірбрикеті) байыту және өндіру кәсіпорындарын біріктіреді.
Көпшілік алдында сөз сөйлеу –
белгілі аудиторияға бағытталған ті-
келей қарым-қатынас жасау жағдайында сөз сөйлеу ісінің айрықша түрі;
шешендік сөз.
Күн райы – дәл қазіргі сәттегі белгілі бір аумақтағы атмосфера күйі.
Күн райы метеоэлементтердің жиынтығымен сипатталады: температу-
рамен, қысыммен, ылғалдылықпен, жауын-шашынмен, бұлттылықпен.
Күн райы құбылмалылығымен, алуан түрлілігімен және қайталанатын-
дығымен ерекшеленеді.
165 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы