Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет136/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Мемлекет аумағы 
– белгілі бір елдің егемендігі аясында орналасқан 
жер шарының бөлігі. Оның құрамына жер қойнауымен бірге құрлық, су-
лар, құрлық пен су үстіндегі әуе кеңістігі кіреді. Сулы аумағын ішкі (ұлттық) 
сулар мен аумақтық сулар, яғни 12 теңіз милі шеңберінде елдің құрлығы-
на жалғасатын Дүниежүзілік мұхит сулары кіреді.
Н
арықтық экономика
– нарық заңына, яғни мемлекет және дүние-
жүзілік шаруашылық ауқымында тауар ұсынысы мен оның сұранысына, 
сонымен бірге құн заңына негізделген баға теңгеріміне негізделген шаруа-
шылық (оны өндіруге жұмсалған еңбек көлеміне сәйкес тауар алмасуын 
реттейді). 
Нарықтық экономика жағдайында тауарды сатып алу-сатуға негіз-
делген тауаршаруашылығы дамиды, шынайы шаруашылықтан айыр-
машылығы, онда еңбек өнімі өндірушілердің қажеттілігін қанағаттандыру 
үшін өндіріледі. Шынайыдан тауаршаруашылығына өткенін көрсететін 
құбылыс – баспа-бас айырбас, тауарды тауарға алмастыру.
Нарықтық экономикасы бар дамыған елдер 
– 23 мемлекет, олар 
экономикасының ауқымына халықаралық-құқықтық мәртебесіне байла-
нысты бірқатар топшаларға бөлінеді.
Нәтиже
– сандық және сапалық түрде көрсетілген іс-әрекеттер мен 
оқиғалардың салдары.
О
қудың іздеушілік (іріктеушілік) техникасы 
– нақты ақпаратты із-
деу кезінде мәтінді көзбен жылдам «сканерлеу».
Ортаны ластағаны үшін төленетін төлем 
– табиғатты пайдала-
нушының ортаны ластауы салдарынан адамдардың денсаулығына және 
шаруашылыққа келтірген әлеуметтік-экономикалық шығынының орнын 
ақшалай толтыруы.
Отанына қайта оралу
– шетелдерге қоныс аударғандардың ұрпақта-
рының қайта оралуы.
Ортаның өздігінен тазаруы 
– физикалық, химиялық және биоло-
гиялық процестердің әсері нәтижесінде ластаушы заттардың өздігінен 
ыдырауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет