Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет139/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Стенд 

 
көру үшін жәдігерлер қойылатын, диаграммалар, постерлер, 
баннерлер, газеттер, т.б. ілінетін орын.
Т
абиғат ескерткіштері 
– шығу тегі табиғи және жасанды бірегей, 
айрықша бағалы жергілікті табиғи нысандар болып табылатын айрықша 
қорғалатын табиғи аумақтар санаты.
Табиғатты пайдалану
– 1) табиғи игіліктер тұрғысынан адамзаттың 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға қатысты қоғамдық өндірістің саласы; 
2) табиғи игіліктерді пайдалану заңдылықтарын зерттейтін, оның ішінде 
табиғатқа антропогендік әсер мен олардың адам баласына тигізетін зар-
даптарына талдау жүргізетін ғылыми бағыт.
Табиғи апаттар 
– төтенше жағдайлар туындататын қауіпті табиғи құ-
былыстар.
Табиғи аумақтық кешен 
– түрлі деңгейлер жүйесін – географиялық 
қабықтан бастап шөгіндіге дейін түзетін географиялық компоненттердің 
немесе төменгі дәреже кешендерінің (өзіне тән жер бедері бар жер қыр-
тысының телімі, жерасты және жерүсті сулары, топырақ, ағзалардың 
қоғамдастығы, атмосфераның жер бетіне жақын қабаты) заңды үйлесімі.
Табиғи мұра 
– айрықша репродуктивтік, сауықтыру, рекреациялық 
және эстетикалық құндылықтары бар, сонымен қатар табиғи-ресурстық 
170
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


әлеуетке тікелей қатысы жоқ басқа да тиімділіктерге ие табиғи ортаның 
нысандары мен құбылыстарының жиынтығы.
Табиғи ресурстар
– адамдардың ең алдымен материалдық қажет-
тіліктерін қанағаттандыру үшін қоғамдық өндіріс барысында қолданыла-
тын қоршаған ортаның компоненттері.
Табиғи-ресурстық әлеует 
– аумақтың табиғи ресурстарының (мине-
ралдық-шикізат, жер, орман, су, балық, рекреациялық және басқа) жиын-
тығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет