Телекоммуникация – ХХ ғасырдың басындағы экономиканың не-
гізін құрайтын темір және тасжолдар тәрізді экономиканың заманауи ин-
фрақұрылымы (телефон, компьютерлік және шоғырсым желілерін қосу).
Техника – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын кәсі-
би әдістер жиынтығы.
Топырақ құнарлығын қалпына келтіру – шаруашылық айналымнан
бір себептермен бұрындары шығарылған жарамсыз жерлердің өнімділі-
гін қайта қалпына келтіруге бағытталған іс-шаралар.
Туризм – азаматтардың уақытша мекендейтін елде (жерде) ақылы
қызметпен айналыспай, сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық,
діни және басқа да мақсаттарда уақытша болуы (саяхаттауы).
Туристік индустрия – қонақүйлер мен басқа да орналастыру құрал-
дарының, ойын-сауық құралдарының, танымдық, іскерлік, сауықтыру,
спорттық және басқа да мақсаттағы нысандардың, туроператорлық және
турагенттік қызметті жүзеге асырушы ұйымдардың, сонымен қатар экс-
курсиялық қызмет және гид-аудармашылық қызмет көрсететін ұйымдар
жиынтығы.
Туристік кешен – белгілі бір аумақта (аймақ, ел, аудан, туристік орта-
лық) туристік ресурстар мен туризм индустриясының өзара байланысқан
және өзара шарттасқан үйлесімі.
Туристік қызмет – саяхаттауды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін
қызмет.
Туристік ресурстар – туристік көрсетілім нысандарын қамтитын, турис-
тердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға, дене күшін қалпына
келтіруге және дамытуға жәрдемдесуге мүмкіндігі бар табиғи-климаттық,
тарихи және әлеуметтік-мәдени нысандар.
Тұрақты даму – ғаламшардың экологиялық мүмкіндіктері шеңберін-
де экономикалық даму, яғни қоршаған ортаға қауіпсіз даму, «болашақ ұр-
пақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігіне қауіп төндірмей,
қазіргі кездің қажеттіліктерін қанағаттандырушы» (Брундтланд комиссия-
сының анықтамасы).