Экологиялық тұрақтылық
– бастапқы параметрлерінің ауытқуы
түрінде көрінетін қандай да бір табиғи немесе антропогендік әсерден
кейін экожүйенің бастапқы күйін немесе соған жақындау күйін қалпына
келтіре алу мүмкіндігі.
Экологиялық-экономикалық шығын
– экологиялық қауіп түрткі-
жайттарының пайда болуынан адамдар мен халықшаруашылығына ке-
летін нақты және болжамды шығындардың құн түрінде өрнектелуі.
Экономика
– қажетті өмірлік игіліктерді жасау және пайдалану жо-
лымен адамдар мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамта-
масыз ететін шаруашылық жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: