Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет144/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146
Байланысты:
97605 926480 15

Экономикалық аудан 
– белгілі табиғи және экономикалық жағдайы 
бар, қалыптасқан немесе құрылған мамандандырылған шаруашылығы 
болатын, ішкі шаруашылық байланыстары бар елдің немесе аймақтың 
біртұтас бөлігі.
Экономикалық география
– әлеуметтік-экономикалық география-
ның тармағы, дамыту мен басқаруды тиімді ету мақсатында өндірістің ау-
мақтық ұйымдастырылуын, өндірістік күштердің дамуы мен орналасты-
рылуын, орналастыру түрткіжайттарын (экономикалық-географиялық 
жағдайын, табиғат жағдайлары мен табиғи ресурстар, еңбек ресурстары, 
т.б.) зерттейді.
Экономикалық-географиялық жағдай 
– аймақ немесе елдің өзіне 
экономикалық маңызы бар басқа нысандарға қатысты жағдайы.
Экономикалық инвестициялар
– өндірістік активтерді сатып алу. 
Бұл ретте инвестиция түрінде нақты өндірістік қуаттылық құрылады, со-
сын тәуекел «қалыпты» болғанда, табыс алу үшін жұмыс күшін жалдау жү-
зеге асырылады.
Экономикалық тиімділік (өндіріс тиімділігі)
– өндіріс процесі түрт-
кіжайттарының пайдалы нәтижесі мен шығындарының арақатынасы.
Экономиканың бастапқы саласы
– ауыл және орманшаруашылығы 
салалары. Дүниежүзілік экономикада бастапқы сала, көбінесе алдыңғы 
даму кезеңінен мұра ретінде қалған, бірақ әлі күнге дейін шаруашылық 
пен тұрғындарды азық-түлік және құрастырымдық материалдармен 
қамтамасыз етуде маңызды рөл ойнайды. Сонымен қатар орманның 
ауқымды аумақтарында, көбінесе табиғатты пайдаланудың дәстүрлі түр-
лері – аң аулау, балық аулау, солтүстікте – бұғышаруашылығы сақталады.
Эксперимент (ғылыми тәжірибе)
– басқарылатын жағдайда кейбір 
құбылыстарды зерттеу тәсілі. Бақылауға қарағанда зерттелетін нысан-
мен белсенді өзара әсерлесу арқылы ерекшеленеді. Әдетте эксперимент 
ғылыми зерттеу шеңберінде жүргізіледі және болжамды тексеру, ерекше 
құбылыстардың арасындағы байланыстардың себебін айқындау үшін 
жүргізіледі.
174
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет