Алматыкiтап баспасы


Мұқитанов Наурызбай Кішібайұлы



Pdf көрінісі
бет16/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Мұқитанов Наурызбай Кішібайұлы
(1941-
1999 ж.) – философия ғылымдарының докторы, 
профессор. Ол теориялық географияның дамуына, 
геогра фияның идеялары мен мағлұматтары түсіні-
гіне өлшеусіз үлес қосты. Әлемдік деңгейдегі гео-
граф-ғалымдардың қатарына кіреді. Н.К. Мұқита-
нов – дүниежүзінің 9 тілінде жазылған 100-ге тарта 
жарияланымдардың авторы. Негізгі еңбектері: 
«Географиялық мәліметтерді теорияландырудың 
методологиялық мәселелері», «Физикалық гео-
графиядағы бүтінділік мәселесі», «Географияны теорияландырудың
24
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


методологиялық мәселелері», «Страбоннан біздің күнге дейін: Геогра-
фиялық түсініктер мен идеялар эволюциясы».
Н.К. Мұқитанов өз еңбектерінде география ғылымында алғаш рет 
теориялық географияның негізгі тұжырымдамасына жан-жақты тал-
дау жасайды; әлеуметтік географияға дәлел келтіреді және оны бар-
лық географиялық мағлұматтармен органикалық түрде байланыс-
тырады; көне заманнан бастап географиялық ой қалай қалыптасқан-
дығына, заманауи география экологиямен және басқа ғылымдармен 
қалай өзара қатынасатынына, география заманауи ғылымдар жүйе-
сінде қандай орын алатынына жауап береді.
Двоскин Бениамин Яковлевич
(1923-1991 ж.) –
экономик-географ, география ғылымдарының док-
торы, Қазақстандағы экономикалық география 
ғылымын ұйымдастырушылардың бірі. Зерттеу-
лерінің негізгі бағыттары – Қазақстан өнеркәсібінің 
географиясы. Ол республиканың өндірістік күшін 
дамыту және орналастыру мәселелерін, қара ме-
таллургияның және өнеркәсіптің басқа да салала-
рының шикізат базасын зерттеді. Еліміздің нақты 
ресурстарын экономикалық бағалауға, экономи-
калық-географиялық аудандастырудың теориялық негіздеріне, ай-
мақтық экономикаға және аймақтық жоспарлауға көп көңіл бөлді. Ол 
халық географиясы, еңбек ресурстарының пайдаланылуы, көлік-эко-
номикалық байланыстарды дамыту және үлестіру мәселелерін зерде-
леді, аумақтық-өнеркәсіптік кешендерге жіктеу жасады. Қазақстанның 
өнеркәсіптік кешендері мен тораптарын қалып тастыру және дамыту 
мәселелерін егжей-тегжейлі зерттеді.
400-ден астам жарияланымның, оның ішінде «Қазақ КСР эконо-
микалық аудандастыру мәселелері», «КСРО өнеркәсіптік тораптарын 
дамыту мәселелері (Қазақстанды мысалға ала отырып)», «Қазақ КСР», 
«Шығыс Қазақстанның өндірістік күші», «Қазақстанның аймақтық эко-
номикасының мәселелері», «Қазақстанның өнеркәсіптік кешендері»,
«Аумақтық-өндірістік кешендерді дамытудың экономикалық мәселе-
лері», «Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру» мо-
нографияларының авторы.
Қазақстанда география ғылымының гидрология, гляциология, 
геоморфология, ландшафттану, картографиялау, топонимика тәрізді 
бағыттары халықаралық деңгейде дамыған. Қазақстанның география 
ғылымының дамуына үлес қосқан танымал ғалымдар 2-кестеде берілген.
25
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


2-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет