Г ЕОДЕРЕК . 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында қазақстан-
дық ғылыми-зерттеу автоэкспедициясы Оңтүстік полюсте болып,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын тікті. Экспедицияның
ғылыми жетекшісі географ-ғалым О.Б. Мазбаев болды. Интернеттен
«108 сағат» деректі фильмін тауып көріп, осы туралы толық мәлімет
алуларыңа болады.
ОЙЫҢДЫ ТҰЖЫРЫМДА Өз қалауларың бойынша Қазақстан аумағын зерттеген зерттеуші,
саяхатшы және дипломаттардың біреуінің қосқан үлесіне баға берің-
дер және қосымша дереккөздерін қолданып, 1,5 беттік көлемде
баяндама жазыңдар. Өз баяндамаларыңның нәтижесін Qr-код тү-
рінде көрсетіңдер. Qr-код – бұл екі өлшемді бейне, оған белгілі бір
мәтін немесе цифрлар салынады. Кодты фотокамерасы мен арнайы
БҚ-сы (бағдарламалық қамтамасыз ету) бар кез келген мобильді
құрылғы оқи алады. Qr-код бірден екі қызметті атқарады: 1) түрлі
мәліметтерді автоматты түрде оқуға мүмкіндік береді; 2) ақпараттың
үлкен көлемін кішігірім суретке сыйдырады (4296 символ – бұл мәши-
немен жазылған екі беттен асатын мәтін).
– Оны жасау үшін баяндама жазып, интернеттен «Qr-код генерато-
ры» деген негізгі сөзі бойынша мамандандырылған сайттардың сіл-
темесін табу және одан әрі сайтта орналастырылған нұсқаулықтарға
сүйену керек.
– Сонымен бірге өзіңнің мобильді қондырғыңа осы кодты оқи алатын
қосымшаны орнатуың қажет.
– Qr-код түрінде өз баяндамаңды қағазға шығарып, сыныпқа үлестірің-
дер. Мобильді қондырғылардың көмегімен барлық берілген жұмыс-
тардың мазмұнымен танысу және алдын ала келісілген өлшемдер
бойынша өзара бағалау жүргізу қажет.
– Qr-код әзірлеуге техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда баянда-
маларыңның мазмұнын таныстыру немесе ақпараттық график түрін-
де көрсетіңдер.
27 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы