Оронимдер
– жер бедері пішінінің атауы.
Бұл тізімге тау, шың,
жазық, ойыс, үңгір, сай, т.б. геоморфологиялық
нысандардың атау-
лары кіреді. Оронимдер арасында бірнеше ішкі топтарға бөлінеді.
Сондай-ақ
спелеонимдер
– жерасты табиғи түзілімдері мен жер бедері
пішіндерінің атауы. Бұл үңгірлердің, тау қуыстарының, құз, т.б. атауы.
Гидронимдер
– барлық су нысандарының – өзен, бұлақ, құдық,
бастау, тоған, көл, мұхиттар мен олардың бөліктерінің атауы. Су көп
болуына орай гидронимдер потамонимдерге – өзен жылғаларының
атауларына бөлінеді.
Лимнонимдер
– көл, тоған және суқоймаларының атауы;
океано-
нимдер
– мұхиттар атауы;
пелагонимдер
– теңіз бен мұхиттың басқа
бөліктерінің атауларынан тұратын гидронимдер түрі.
Гелонимдер
батпақтардың атауынан құралады.
Дримонимдер
– орман, шағын орман, саябақ пен олардың бөлік-
терінің атауы.
Достарыңызбен бөлісу: