Алматыкiтап баспасы


Ойконимдер  – кез келген елді мекеннің атауы. Ойконимдер бірне- ше ішкі топқа бөлінеді. Астионимдер



Pdf көрінісі
бет23/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Ойконимдер 
– кез келген елді мекеннің атауы. Ойконимдер бірне-
ше ішкі топқа бөлінеді.
Астионимдер 
– қалалар атауы. 
Комонимдер 
– ауылдық елді мекен атауы.
Дромонимдер 
– бұл көлік жолдарының атауы.
Урбанонимдер 
– кез келген қалаішілік нысандардың – көше, тұ йық
көше, алаңдардың, т.б. атауы. Урбанонимдер годонимдерге –желілік 
қалаішілік нысандарға – көшелер, даңғылдың шолақ көшесі, 
жағалау

т.б. болып бөлінеді. 
Агрононимдер 
– жер үлесі, егістік және ауылшаруашылық жерінің 
атауы.
Хоронимдер
– бұл облыс аймақтарының кез келген маңызды ау-
мағының атауы.
Аумақтық белгісі 
бойынша географиялық нысандар олардың ша-
масына қарай макротопоним не микротопонимдерге жатады. Макро-
топонимдер – үлкен нысандардың атауы, микротопонимдер – кіші-
гірім нысандардың атауы.
Семантикалық жіктелім 
(атаудың мағынасы бойынша) төмен-
дегідей болып көрінеді:
– табиғи жағдай мен процестерді көрсететін атаулар (оронимдік; 
гидронимдік; фитотопонимдер; топырақтық топонимдер; күн 
райы-климаттық топонимдер; зоотопонимдер); 
31
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


– антропотопонимдер (адам аттары немесе олардың қызметінің 
түрі бойынша);
өндірістік топонимдер;
– сауда-көліктік;
елді мекен типтері;
– этнотопонимдер (халық немесе тайпа атаулары бойынша);
– мемориалды топонимдер (қандай да бір оқиғаның құрметіне 
не есте қалдыру үшін);
діни-ғұрыптық топонимдер;
– мигрант-топонимдер (атау басқа аймақтардан енген);
– басқа топонимдер (қандай да бір топқа жатқызуға немесе түсін-
діруге келмейтін).
Сөз сандары 
бойынша бір сөзден ғана тұратын қарапайым топо-
нимдер, бірнеше сөзден тұратын күрделі топонимдер бар. Соңғысы 
өз кезегінде 6 ішкі топқа бөлінеді: зат есім + зат есім; сын есім + зат 
есім + сын есім; сан есім + зат есім; сөз тіркесі; қысқарту; басқасы. Әр-
бір күрделі топоним халықтық географиялық терминнен және индика-
тор-сөзден тұрады. Халықтық географиялық термин нысанның түрін 
немесе типін, ал индикатор-сөз – оның маңызды белгілерін көрсетеді.
Қазақ топонимдері де қарапайым және күрделі болып бөлінеді. 
Қарапайымдарына «Арал», «Балқаш», «Іле» атауларын жатқызуға бо-
лады. Ал күрделі топонимдер алдымен индикатор-сөзден тұрады, 
оған халықтық географиялық термин жалғанады. Оларға, мысалы, 
«Тайтөбе» (тай – бір жастағы құлын, төбе – дөң), «Көктөбе» (жасыл 
дөң), «Бестөбе» жатады. 
Географиялық атаулардың үлкен тобы шығу тегіне қарай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет