2. Мәтін қандай қисынды ретпен баяндалған: Хронологиялық рет, логи-
калық бөліну, себепті-салдарлы тәртіп немесе салыстыру/қарсы қою?
3. Тақырыптық, тірек және қорытынды сөйлемдерді немесе идеяны
анықтаңдар.
4. Қисындылық, реттілік және нақтылық тұрғысынан мәтінге баға
беріңдер.
5. Мәтін әсершіл бейтараптықпен және автордың өзіндік пікірі
жоқтығы, монолог сөз талаптарына сәйкес келе ме?
6. Автор қандай белгілі географиялық ұғым мен терминдерді қол-
данған?
Эссе академиялық жазылымның жанры ретінде. Эссе – бұл
қандай да бір белгілі тақырыпты жүйеленген ғылыми түрде емес, ер-
кін түрде түсіндіретін кішігірім көлемдегі академиялық жазылым мен
еркін композицияның түрі.
Академиялық эссе төмендегідей бөліктерден тұрады:
Тақырыпша (Title) эсседе жазылатын негізгі ғылыми мәселені
көрсетеді.
Алғы сөз (Introduction) – тезис-мәселе. Алғы сөз 1) жалпы кіріспе;
2) негізгі ақпарат / мәселенің тарихы бойынша мәліметтер; 3) негізгі
бөлімде нақты не туралы айтылатындығын сипаттаудан тұрады.
Дәлелдеме (Body) – жинақталған материалдар негізінде мәселе-
лердің дәлелді түрде ашылуы.
Әдетте негізгі бөлігі бірнеше ішкі тармақтардан тұрады, олардың
әрқайсысы үш бөлімнен тұрады: тезис (дәлелденетін пікір), негіздеу
(тезисті дәлелдеу үшін қолданылатын дәлелдер), қорытынды ретінде
(басты сұраққа ішінара жауап).
Жұмыстың бұл бөлігінде қатаң құрылымды және иерархияны
ұстану керек (бастысынан екінші деңгейліге, айрықша маңыздыдан
маңыз дылығы төменіне қарай). Дәлелдер нақты, сенімді, ой елегінен
өткізілген, тиімді, дербес, қарама-қайшы келмейтіндей болуы тиіс.
Дәлелдер – бұл факті, қоғамдық өмірдің құбылысы, оқиға, тір-
шіліктегі оқиға мен өмірлік тәжірибе, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың
пікіріне сілтемелер, т.б. Әр тезистің пайдасына екі дәлелден келтірген
дұрыс: бір дәлел сендіре алмауы мүмкін, үш дәлел баяндауды «күр-
делілендіріп» жіберуі мүмкін.
Дәлелдеу келесі ретпен жасалуы мүмкін: бекіту/ түсіндіру / мысал /
қорытынды пікір.
38 Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы