Парадокстарға бейімділік.
Эссе оқырманды (тыңдарманды)
таңдандыруға арналған. Бұл – оның міндетті тұсы. Ойлануға арналған
тұсы – көбінесе афористік, ашық түрде айтылған сөз, бірақ бір-бірін
жоққа шығаратын тұжырымдарға, сипаттамаларға, тезистерге итер-
мелейтін парадоксалды анықтама.
Ішкімағыналық бірлік.
Композиция бойынша еркін, субъек-
тивтілікке бағдарланған шығарма. Сонымен бірге ішкімағыналық
бірлікке ие, яғни басты тезистері мен тұжырымдардың келісімділігіне,
дәлелдер мен байланыстардың ішкі үйлесімділігіне, автордың жеке
ұстанымы суреттелген пікірлердің қарама-қайшылықсыздығына ие.
Ауызша сөйлеу тіліне бейімделу.
Сонымен бірге сленгті, үлгі
дәйексөздерді, қысқарған сөздерді, айрықша жеңіл айтылған сөздерді
пайдаланбау қажет. Жазу барысында қолданылатын тіл байыпты түр-
де қабылдануы тиіс.
1.
Қосымша дереккөздерін пайдаланып, Эйлер шеңберлерінде ака-
демиялық жазылым мен эссенің кез келген жанрларының арасын-
дағы айыр машылық пен ұқсастықты салыстырыңдар.
2.
Кестенің берілген үлгісінің көмегімен ғылыми мақала мен эссенің
негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтаңдар. Кесте нұсқа-
сын өз қалауларың бойынша жасауларыңа болады.
Академиялық жазылым
жанры
Артықшылықтары
Кемшілікт ері
Ғылыми мақала
Эссе
Г
ЕОДЕРЕК
.
Қазақстандық ғалым – философ және географ, профессор
Н.К. Мұқитанов әлемнің 9 тілінде 100-ден астам еңбек жазған. Оның
«Страбоннан біздің уақытқа дейін: Географиялық түсініктер мен идея-
лардың эволюциясы» (Мәскеу, «Мысль» баспасы, 1985 ж.) кітабы 45 000
дана тиражбен жарық көрген. Қазіргі кезде әлемнің көрнекті географ-
тарының еңбектерінде барынша көп аталған, география бойынша
әлдеқайда сирек кітаптардың қатарына жатады.
Достарыңызбен бөлісу: