Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет34/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

Сабақтың мақсаттары:

Жерді қашықтан барлау тәсілдеріне сипаттама беру негізінде олар-
дың мәні мен ерекшеліктерін түсіндіру;

шаруашылық пен ғылым салаларында ГАЖ технологияларын қолдану-
дың мәнін сипаттау.
Мақсатқа қол жеткізу үшін:

Жерді қашықтан барлау тәсілдерін;

навигацияның спутниктік жүйесі не үшін қажеттігін;

Жерді қашықтан барлау және навигацияның спутниктік жүйесінің 
деректерін қолдану аясын білу керек.
ЖЕРДІ ҚАШЫҚТАН БАРЛАУ 

ҒАРЫШТЫҚ ЖӘНЕ АЭРОФОТОТҮСІРІЛІМДЕР 
● 
СПУТНИКТЕР

ШИФР АШУ

ФОТОГРАММЕТРИЯ 
● 
СПУТНИКТІК НАВИГАЦИЯ
● 
 НАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚАБЫЛДАҒЫШТАР
Жерді қашықтан барлау тәсілдері. Жерді қашықтан барлау 
(ЖҚБ) 
– бұл Жер бетін жарақтандырылған авиациялық және ғарыш-
тық құралдармен бақылау. Барлау жұмысына алуан түрлі түсіру
аппаратуралары қолданылады. Түсіру аппаратурасы түрлі платфор-
маларда – ғарыштық аппараттарда (спутниктерде), ұшақтарда, тік-
ұшақтарда 
(2-сурет)
орналаса алады. Аэротүсірілім, шын мәнінде,
ұшу аппаратының ақтық шегінде (әдетте 10 км-ге дейін) кез келген
ұшу биіктігінен жүргізіледі. Ғарыштық түсірілімдер үнемі 100 км-ден
астам (әдетте 200-400 км) биіктіктен түсіріледі. Сондықтан аэро-
түсірілім кезінде алынған суреттердің көлемі бір басқа, ал ғарыштық 
түсірілімдер үшін мүлде басқа болады.
2-сурет
. Спутниктік және аэрофототүсірілім (солдан оңға қарай)
КАРТОГРАФИЯ МЕН ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕР БАЗАСЫ
2.1 Географиялық деректер базасы
Жерді қашықтан барлау тәсілдері, 
ГАЖ технологиялары
6
44
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Қашықтан барлауды арнайы аспап – 
сезбек
арқылы жүзеге асы-
рады. Олар пассивті және белсенді болуы мүмкін. Пассивті сезбектер 
(датчик) шағылған немесе шығарылған табиғи сәулеленуді түсіреді. 
Белсенділері қажетті белгіні өзі сәулелендіріп, нысаннан түскен оның 
бейнесін жазып алады. 
Пассивті сезбектерге оптикалық және сканерлеуші құрылғылар жа-
тады. Олар шағылған күн сәулесінің диапазонында, ультракүлгін, кө-
рінген және жақын инфрақызыл диапазондармен бірге әрекет етеді. 
Белсенді сезбектерге лазерді сканерлеуші, радарлы құрылғылар
қысқа толқынды радиометр, т.б. жатады.
Қашықтан барлаудың негізгі нысандарына мыналар:
– күн райы мен климат (жауын-шашын, бұлт, жел, турбуленттілік, 
сәуле шығару);
– қоршаған орта элементтері (аэрозоль, газ, атмосфера электрі,
тасымалдау, яғни атмосферада сол немесе басқа субстансыны қайта 
үлестіру);
– мұхиттар мен теңіздер (теңіз толқыны, ағыс, су көлемі, мұз);
– жер беті (өсімдік, геологиялық зерттеулер, ресурстарды зерттеу 
жатады.
Қашықтан барлаудың түрлі нысандары түрлі электрмагниттік сәу-
ле шығарады. Адамдар электрмагниттік спектрдің (көрінетін жарық) 
тек аздаған бөлігін ғана қабылдай алатын болса, спутниктік тетіктер 
электрмагниттік сәулеленудің, инфрақызыл жарық, ультракүлгін сәу-
лелену, радиотолқындар мен тіпті қысқа толқындар тәрізді басқа тип-
терін қолданады. Тау жыныстары, топырақ, су, өсімдік электрмагниттік 
толқындарды түрліше шағылыстырады және жұтады. Тетіктер осы сәу-
леленуді тіркейді. Сәулеленудің тіркелген бейнесін ғарыштық түсірілім 
немесе ұшу аппаратына байланысты аэрофототүсірілім деп атайды. 
Жекелеген аэрофототүсірілім – тегіс сурет. Одан түсірілген телімнің 
үшөлшемділігін көру қиын. Онда бейнелер анық көрінбейді.
ЖҚБ құралдарында электрмагниттік сәулеленудің әр түрінің өзі-
не тән белгілі бір түсі бар, сондықтан ғарыштық түсірілімдер әдеттегі 
фотосуреттерге ұқсамайды 
(3-сурет).
3-сурет
. Аэрофототүсірілім және ғарыштық түсірілім (солдан оңға қарай)
45
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Түсірілген суретті алғаннан кейін мамандар шифрды ашу және 
фотограмметрия жұмыстарын жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет