Ғарыштық түсірілімдердің шифрын ашу – бұл ғарыштық аппа-
раттардан алынған жер бетінің суретіндегі не жекелеген нысандарды,
бірдей түрдегі нысандарды анықтау, тану (одан әрі – графиктік, ауыз-
ша, цифрмен сипаттау) не болмаса аумақты картаға түсіру. Олар тақы-
рыптық және кешенді (мысалы – топографиялық) болып бөлінеді.
Фотограмметрия түсірілген нысандарды айқындау және тану де-
геніміз – олардың пішіндерін, өлшемдерін, орналасуы мен басқа да
сипаттамаларын анықтау. Сонымен қатар нәтижелерін график (шарт-
ты белгілермен), цифр және мәтін түрінде тіркеу. Мұндай жұмыстың
нәтижесінде карта мен жоспарлар әзірленеді.
Жерді қашықтан барлау нәтижелерін қолдану Қашықтан барлау құралдарымен алынған ақпараттар ғылымның,
техника мен экономиканың көптеген салалары үшін қажетті.
Қашықтан барлау төмендегідей жағдайларда қолданылады, мысалы:
– метеорология және климатология (ауа райы);
– авиация (найзағайды, турбуленттілікті анықтау).
– гидрология (су ресурстарын бағалау, тасқынды болжау);
– ауылшаруашылығы (түсімді болжау);
– экология (атмосфера ластануы мен жердің бетін бақылау);
– гляциология (тау мұздықтарының таралуы мен жылжуы);
– геология және геоморфология (тектоникалық қозғалысты бақылау);
– топография және картография (карта шығару);
– табиғи апаттарды бақылау кезінде (құмды дауыл, көшкін, тасқын);
– техникалық ортада (жер ресурстарын инвентаризациялау және
бағалау, көлік қозғалысын бақылау);
– әскери мақсатта (техниканың және әскери құрылымдардың қозға-
лысын қадағалау, жергілікті жерді бағалау).
Қазақстан Республикасында өзіндік Жерді қашықтан барлау
(Ғарыштық жүйесі ҒЖ) бар. Ол екі ғарыштық аппараттан «kazeOSat-1»,
«kazeOSat-2», сонымен қатар спутниктерді басқару жерүсті кешенінен
және ЖҚБ мәліметтерін қабылдау, өңдеу және таратуға арналған мақ-
сатты кешеннен тұрады. kazeOSat-1 2014 жылы 30-сәуірде Куру ғарыш
айлағынан (Француз Гвианасы), ал kazeOSat-2 – 2014 жылдың 20-мау-
сымында ресейлік «Ясный» іске қосу базасынан ұшырылды.
Жерді қашықтан барлауды жүзеге асырушы ірі спутниктер:
lanDSat, icOnOS-2, Quick BirD-2 (АҚШ), erOS-ai (Израиль, АҚШ),
SРОТ (Франция), Ресурс-ДК, Электро-Л, Метеор-М, Ресурс-П, Канопус-В
(Ресей).