Шығыс-Еуропа жазығы
58
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
Үстірттен құрылыс материалдары алынады. Ол жер балшықты
тақтатастардан, құмтастардан, әктастардан және басқа бор шөгін-
ділерінен түзілген.
Ертеде бұл аумақты адамдар мал жаю үшін пайдаланған.
Орал алды немесе Ембі үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғал-
жар арасында орналасқан. Үстірт солтүстік-шығыстан (450 м-ге дейін)
оңтүстік-батысқа қарай аласарады (100 м-ге дейін). Олар пайдалы қаз-
балардың көптеген түріне бай.
Картадан Үстіртті табыңдар және олар қандай қазбаларға бай
екендігін анықтаңдар
.
Қазақстанның таулы аймақтары
Мұғалжар тауы (аласа тау)
–
Орал тауларының Қазақстандағы
жалғасы
(15-сурет)
. Орташа биікті-
гі – 300–400 м, биік нүктесі – Үлкен
Боқтыбай тауы (657м). Мұғалжар-
дың солтүстігінен, шығысы мен ба-
тысынан кішігірім өзендер бастау
алады. Археологтер таудан ежелгі
адамдардың ондаған қонысын, өте
көп олжа – артефакттар тапқан.
13-сурет.
Жалпы Сырт
14-сурет.
Қоянтау
Ойланыңдар.
1.
Тектоникалық картаның қолданысымен осы таулардың жасын
анық таңдар.
2.
Бір уақытта түзілсе де, олар Алтай тауларына қарағанда неліктен
аласа?
Артефакт
– адам баласының шаруашылық іс-әрекетімен жасалған
және қазба (археологияда) нәтижесінде табылған кез келген нысан.
15-сурет.
Мұғалжар таулары
59
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы
|