Алматыкiтап баспасы



Pdf көрінісі
бет49/146
Дата16.10.2023
өлшемі50,27 Mb.
#115533
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146
Байланысты:
97605 926480 15

 
Сауыр
21-сурет.
 
Тарбағатай
Сауыр–Тарбағатай палеозой жыныстарынан түзілген. Сауырда 
эффузивті жыныстар, порфирлер мен порфириттер көбірек таралған. 
Тарбағатайда әктастар, гранит кездеседі. Тектоникалық құрылымы 
кейінгі палеозойда герцин қатпарлығы жүріп өткен кезде қалыптас-
қан. Қазіргі жер бедерінің түзілуіне ежелгі мұзданулар, ағын су мен 
жаңа тектоникалық процестер әсер еткен. 
Сауырда Кендірлік көмір кен орны ашылған және жанғыш тақтатас-
тың үлкен қоры табылған.
62
Ал
ма
ты
к
i
та
п
ба
сп
ас
ы


Жетісу (Жоңғар) Алатауы солтүстігіндегі Алакөл қазаншұңқыры 
мен оңтүстігіндегі Іле өзенінің арасында жатыр 
(22-сурет)
. Батыстан 
шығысқа қарай 450 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 100-200 км-ге
созылып жатыр. Қазақстан аумағында Жетісу Алатауы параллель 
жатқан екі жотаға бөлінеді: солтүстік жота – ең биік жері – 
Бесбақан
(4622 м) және оңтүстік жота – 
Мұзтау
(4370 м). Жетісу Алатауының 
Қытайда орналасқан бөлігі Орқашар және Жайыр (2500 м) жотала-
рынан тұрады. Қазақстан аумағында Орқашар жотасы Барлық тауына
(3300 м) жалғасып, біртіндеп Жайыр және Майлы аласа тауларына ұла-
сады. Осы жоталардың арасында ені 10 км болатын тау өткелі жатыр. 
Ол Ебінұр көлінің қазаншұңқырын Алакөлдің қазаншұңқырымен қо-
сып, Жоңғар (Жетісу) қақпасы деген атауға ие болған. 
Солтүстік жотасының бөктерлері жайпақ, жер бедері сатылы бет-
кей пішіндес. Жоғарғы сатылы бөліктерінде Тастау, Ақанжайлау, 
Қотыр тас, Мыңшұңқыр (2800–3000 м) жоталары орналасқан. Жоталар-
дың арасында тауаралық қазаншұңқырлар орналасқан, оның ең ірісі –
Ойжайлау 
(23-сурет)
. Орташа сатылы жоталар – Күнгей, Ешкіөлмес, 
Суықтау, Қарашоқы, Желдіқарағай (2000 м). Төменгі сатылы бөлігін-
де Шыбынды, Қарасасық, Қырықкөл массивтері орналасқан (1500 м),
ал солтүстік-шығысына қарай олардан Текелі мен Сайқан таулары 
басталады.
22-сурет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет