Мезозойда және төменгі кайнозойда таулар мүжілген және экзо-
гендік процестердің әсерінен тегістелген. Кайнозой эрасында бұл тау-
лардың құрылысы қатпарлы-тасжақпарлы болды.
Жер бедерінің қа-
лыптасуында, сонымен бірге ежелгі және қазіргі мұздану процестері
үлкен рөл ойнады.
1.
Жетісу Алатауының көтерілуі қандай қатпарлықта орын алды?
2.
Жетісу Алатауының қазіргі қатпарлы-тасжақпарлы жер бедері қан-
дай процестердің нәтижесі екенін түсіндіріңдер?
Тянь-Шань
– Азияның ең ірі және ұлы тау жүйелерінің бірі, бес
мемлекеттің аумағында орналасқан (осы мемлекеттерді атаңдар).
Тянь-Шань
сөзі қытай тілінен аударғанда «Аспан тауы» дегенді біл-
діреді. Қазақстан аумағына Солтүстік Тянь-Шань толығымен, Орталық
және Батыс Тянь-Шаньның кішігірім бөліктері кіреді.
Тянь-Шаньның орталық бөлігі
Қырғызстанға, солтүстік және
батыс жоталары Қазақстанға, оңтүстік-батыс
шеті Өзбекстан мен
Тәжікстанға, шығыс бөлігі Қытайға қарайды. Хан Тәңірі – Солтүстік жер
шарындағы ең биік нүкте (6995 м)
(25-сурет)
.
Батысқа қарай бірнеше жота таралған. Олардың ішіндегі ең ірісі –
Теріскей Алатау, оның шығыс тармағы бойымен Қырғызстанның ше-
гарасы өтеді. Солтүстік Тянь-Шаньда мына жоталар түзілген: Ұзынқа-
ра (Кетпен), Күнгей Алатау, Іле Алатауы
(24-сурет)
, Шу-Іле таулары мен
Қырғыз Алатауы. Батыс Тянь-Шаньды Талас жотасы мен одан оңтүстік-
шығысқа қарай таралатын Өгем мен Қаржантау жоталары құрайды.
Ең батысындағы және қатты мүжілген Қаратау жотасы толығымен
Қазақстан
аумағында жатыр
(26-сурет)
.
Тянь-Шань
геосинклиналдық
белдеудің орнында пайда болған.
Солтүстік Тянь-Шань каледон, Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань гер-
цин қатпарлығында қатпарланған. Палеозой эрасында түзілген таулар
перм дәуірінде пенепленге ұшыраған, яғни тегістелген. Тянь-Шань
тау жоталары палеозой эрасы мен кембрийге дейінгі дәуірдің тау
24-сурет.
Іле
Алатауы
25-сурет.
Достарыңызбен бөлісу: