7-мақсат. Барлығына арналған
аса қымбат емес, сенімді, тұрақты
және заманауи энергия көздеріне
ортақ қолжетімділікті қамтамасыз
ету.
16-мақсат. Барлығы үшін тұрақты
даму, әділеттілікке қол жеткізуді
қамтамасыз ету және барлық дең-
гейде тиімді, есеп беруге міндетті
және кеңінен қатысуға негіздел-
ген мекемелер құру мақсатында
бейбітшілікті сүйетін және ашық
қоғам құруға көмектесу.
8-мақсат. Ілгерілемелі, ауқым-
ды және тұрақты экономикалық
өсуге, толық және өндірістік ең-
бекпен қамтуға, барлығына ар-
налған лайықты жұмыспен
қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
17-мақсат. Тұрақты даму мақса-
тында жаһандық әріптестік шең-
берінде жүзеге асыру құралдарын
нығайту және жұмысты белсенді
ету.
9-мақсат. Орнықты ин-
фрақұрылым әзірлеу, ауқымды
және тұрақты индустрияландыру
мен инновацияларға жәрдемдесу.
1.
7-ші және 8-сыныптарда география ғылымының бағытымен та-
ныстыңдар. Тірек білімдеріңе сүйеніп, зерттеу мәселелерін шешу-
де мынадай басым бағыттарды топтарға бөліңдер: 1) физикалық
география, 2) әлеуметтік география, 3) экономикалық география,
4) саяси география. Өз жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлел-
деңдер.
Қазақстан Республикасы тікелей және жанама түрдегі география-
лық мағлұматтарға сүйенетін дамудың мемлекеттік мақсаттарын алға
қояды. Біздің еліміздің «Қазақстан – 2050» Даму стратегиясында ішкі
және сыртқы саясаттың басымдылықтары анықталған. География
ғылымы үшін айрықша өзекті мәселе – зерттеулер жүргізу арқылы
оларды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызу.
Экономиканы дамыту және тауар өндіру үшін табиғи ресурстары-
ның түрлерін, қорын, сапасы мен күйін білу қажет. Оларды зерттеу-
мен
Достарыңызбен бөлісу: