да сөз мағынасы семалардың косындысына тек бе? Кез келген
сөздердін мағыналарын семаларға ажыратып, талдап көрсетуге
болады ма? Әрине бұл теориялық жағынан мүмкін болғанымен
де тілдегі жағдай сәл басқашалау. Ең алдымен, тіл тек система
болып саналмастан системалар системасы болатындығын да естен
шығармау керек. Сондықтан да сөз
мағынасында адамның сезім
мүшелері аркылы қабылданылмайтын, адам ойының қызметі не-
гізінде жасалынатын мағыналардың да бар екендігін есепке ал-
ған жөн. Соңғы жағдай барлық сөз біткендерді семалық талдау
жасауға мүмкіндік бермейді, бірақ семалық талдауларға түскен
сөздердің мағына құрылымына оңай түсінік беруге болады (Сте
панова 68; Гак 72) *.
Тіл білімінде сема терминімен бірге семема, мемема, семанти-
калық көбейткіш (семантический множитель), мағыналық компо
нент сияқты терминдер де қолданылады. О. С. Ахманова семема
(Semema) терминіне екі түрлі мағына берген. 1. Парадигмалық
қатар мүшелерінің мағыналық системасының ең кіші элементі.
2. Сөз мағынасы, оның заттық мазмұны. Ал сема терминіне 1) си-
стеманың варианты (альтернаты); 2) синтагмалық қатарға түсіп
басқа сөздермен байланысатын мағынаның ең кіші элементі. Се
мантема, семантикалық көбейткіш терминдері де осыған жуық
мағыналармен анықталады. Демек О. С. Ахманова семаға аньіқ-
тама бергенде, біріншіден,
сөз мағынасының ең кіші, ары қарай
бөлінбейтін бөлшегі және екінші, сөздін, объектив дүниемен бай
ланысатын мағыналық элементі деп есептейді (Ахманова 66, 401 —
402) *. Бірақ сөз мағынасын компонентті анализ әдісі бойынша
талдау жасаған ғалымдардың көпшілігі семема сөз мағынасының
майда элементі деп санамастан, сөздердің мағынасымен тең деп
те анықтама беріп жүр (Васильев 81, 21) *. Өзбек ғалымы И. Куч-
қартаев болса, семема объектив дүниедегі заттар мен кұбьілыс-
тардыц адам санасындағы бейнесі деп те есептейді (Кучкартаев
77, 49) *. Әдебиеттерде сема мен семемаларға берілген басқа да
анықтамалар, түсініктемелер бар, бірақ біз бүл екі терминді ма-
ғына жағынан ажырата қолданушылар жағындамыз. Яғни сема
термині сөздің ең кіші мағыналық бөлшегі деген мағынада, семема
термині болса сөз мағынасына жуық мәнде қолданамыз. Сема
мен семеманы, семема мен сөз мағынасын ажыратқанда мына
нәрселерге көңіл аудару керек сияқты.
Біріншіден, сема мен се
мема сөз мағынасына байланысты болса да, ешқашан толық
мағына аркылы берілмейді, олар имплициттік сипатқа не болады.
Екіншіден, семема семалардың қосындысынан жасалынбайды.
Яғнн семемалар айтушының, жазушының мақсатына, білім дәре-
жесіне, мұктажына байланысты (ситуацияға байланысты) өзгеріп
отырса, семалар ондай өзгеріске түспейді. Үшіншіден, семалар
объективті дүниелерден түйсік аркылы қабылданған информацня-
лармен байланысты болса, семема сол информацияларды қабыл-
дап, адам ойындағы жалпылау, дерексіздену қасиетімен байла
нысты болады. Ал, сөз мағынасында адам ойынын жалпылаған,
дерексізденген объектив дүнненің бейнесі болумен бірге тілдік
178
снстемамен байланысты мағыналық элементтер де болады. Сон-
дықтан да көп мағыналы сөздер дегенде
осы қолданылу процесін-
дегі семалардың біреуінің бір тіркесте, екіншісінің екінші бір
тіркесте шешуші позицияға шығуын, сөз мағынасы ретінде бой көр-
сетуін айтамыз. Сондықтан да біз сөздің қолданғандағы мағына-
сы мен адам ойындағы ұғымның көлемі сәйкес келе бермейді деген
тезисті қолданғанбыз. Төртіншіден, сема мағынаның ең кішкентай
бөлшегі; ары қарай майда бөлшектерге бөлінбейді. Сондықтан да
сөз мағынасын компонентті анализ әдісімен талдап қарайтын бол-
сак, онда сөз мағыналарын бір не бірнеше семаларға бөлуге бо-
латындығына көз жеткізуге болады. Мысалы,
жүр
етістігін алып
көрелік. Бұл етістіктің лексикалық мағына құрамында, біздіңше,
мынадай семалар бар: 1) қозғалу қимылы бар, 2)
қозғалған заттың
бір орыннан екінші бір орынға өткендігін білдіреді, 3) қозға-
лу жерде болады, 3) бағытсыз қозғалысты білдіреді, 5) қозғалыс-
тың темпісінің баяу (жүгіруге қарама-қарсы) болғандығын, 6) про-
цестің созылыңқылығын, т. б. білдіреді. Ал,
түс
етістігінде болса,
1) козғалыс қимылы бар, 2) қозғалған заттың бір орыннан екінші
орынға өткендігін білдіреді, 3) қозғалыстың жоғарыдан төмен
карай болғандығын білдіреді, 4) козғалыстың темпісіне нейтраль
болады, 5) козғалған заттың белгілі бір жерге,
территорияға ба-
ғытталғандығын білдіреді, т. б. Жоғарыдағы мысалдарымыздан
кез келген сөздердің мағынасы майда семалардан кұралады, не-
месе сөздердің мағынасын майда семаларға белуге болады деген
қорытынды шығаруға болады. Бірак сөздер тіркесте келіп, белгілі
бір максатта колданылуымен байланысты сөз мағынасымен бай
ланысты болған семалардың барлығы бірдей сөздің сол тіркестегі
мағына компоненттеріне енбеуі де мүмкін. Салыстырыңыз:
Достарыңызбен бөлісу: