Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет104/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   130
приходить
сөзінің мағынасын алады да, 
при
при- 
фиксының мағынасы (жақындау) семемаға сәйкес, 
ход
морфема- 
сының мағынасы (жаяу жүру) семантеманын мағынасымен тен. 
деп түсіндіреді (Гак 72, 370). Нақ осындай мазмұнда Л. М. Ва­
сильев те сема, семема (семантема) терминдеріне түсініктеме бер- 
ген. «Семема термині (бұл мағынада семантема термині көп қол- 
данылады) сөз формасының мағынасымен тен болғандықтан да 
біз бұдан кейін мағына термннін қолданамыз»,— деп ескерту жа- 
саған (Васильев 81, 21) *.
Семалардын мағынасын аиыктағанда, әрине, сөз мағынасына 
негізделген дұрыс. Ең алдымен, сөз мағынасындағы сема объек­
тив дүниемен байланыстырушы элемент деп санайтын болсақ, он­
да оны тіл білімі категориясы ретінде қарауға негіз де жоқ. Се­
малардын адамның сезім мүшелері арқылы объектив дүниені
180


түйсініп қабылдаған солардың түрлі қасиеттері мен белгілері 
екендігін мойындаумен бірге оның сөз мағынасының ең кіші эле- 
менттері екендігін де естен шығармау керек. Сондықтан да сезім 
мүшелері арқылы қабылданған сыртқы дүние туралы информа- 
циялардың барлығы сөз мағынасының элементі бола бермейтін- 
дігі анық, бірақ сөз мағынасын тереңірек түсінуде семалардың 
қажет болатындығы да шындық. Мысал ретінде терминдерге бер- 
ген түсіндірме сөздіктердегі анықтамаларды келтіруге болады. 
Салыстырыңыз: адам күнде көріп жүрген нәрсеміз (Адамның бірі 
өзіміз), бірақ адам сөзіне анықтама бергенде оның екі аяқты, екі 
қолды, тік жүруі сияқты белгілерін анықтамаға кіргізбей таста- 
ған. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде адам сөзіне: «Ойлау және 
сөйлеу қабілеті бар, өмірге қажетті өндіріс құралын өндіре алатын 
және сол құралдарды қоғамдық еңбек процесінде пайдалана ала­
тын жан иесі, кісі»,— деп анықтама берген (ҚТТС 1, 62) *. Басқа 
тілдердің түсіндірме сөздіктерінде де адам сезіне анықтама бер­
генде оның 1) сөйлей алатындығын, 2) ойлай алатындығын, 3) кұ- 
рал жасай алатындығын, 4) құралдардан пайдалана алатындығын 
негіз етіп анықтама берген. Сонымен бірге бұл белгілер адам сөзі- 
нің лексикалық мағынасының құрамына да енген. Егер байыптап 
қарасақ, бұлардың кейбіреулері өте қатты жалпылаудан туған 
белгілер, олар адамның сезім мүшелеріне түйсік туғызбайды. Мы- 
салы, адамдардың ойлау қабілеті сезім мүшелерімізге түйсік ту- 
ғызбайды. Демек тек түйсік арқылы қабылданған информациялар 
ғана сема жасап қоймастан, ойлау арқылы жасалынған, анық- 
талған белгілер де сема жасай алады. Екіншіден, сөз магынала- 
рының өзі бір түрлі емес, соларға байланысты семалар да бір түр- 
лі болмайды. Мысалы, компонент талдау әдісі бойынша тілшілер 
көбінше туысқандық терминдерді талдап көрсетеді. Бұның сыры 
сол — туысқандық терминдері семаларға оңай бөлшектенеді. Са- 
лыстырыңыз: 
бала
сөзінде 1) қандық, 2) тікелей туысқандық,
3) жасы кіші, 4) еркек кіндік; жиен сөзінде 1) қандық туысқан- 
дық, 2) тікелей ұрпақ емес, 3) жыныстық белгілерін көрсетпейтін 
сияқты семалар бар. Бірақ тілдегі сөздердің барлығы бірдей мұн- 
дай семаларға оңай бөліне бермейді. Мысалы үшін сын есімдерді 
алып көрелік. 
Лқ, қызыл, сары, көк, қоңыр, боз, қарагер, торы,
құла, күрең, жасыл
сияқты сын есімдер заттың түр-түсін білдіре- 
ді. Әрине бұл сөздердің әр бірінің өзіндік мағынасы барлығы, бірі 
екіншісінен ажыратылып жататындығы анық, бірақ оларды сема- 
ларға бөлу дәстүрі жоқ. Сондай-ақ сан есімдерді (бірлік сандар- 
ды) семаларға бөлу тіпті қиын.
Кей ғалымдар сөз мағынасының құрамындағы семалардың 
қызметін нақтылы анықтау үшін сөз мағынасының элементі мен 
мағына қатынасын ажыратуды, анықтауды ұсынады (Цветков 84, 
66) *. Эрине бұл талап дұрыс. Сөздің лексикалық мағынасының 
компоненті болған семалардың өзара қатынасы және мағына жа- 
саудағы қызметі бар да лексико-семантикалық топтың мүшелерін 
анықтауды сөздердің семаларының қызметін анықтау бар. Бірінші 
қасиет бір сөздің ішінде болады да мағынаның құрылымдық эле-
181


менті болып саналады, екінші касиет семалардың қарым-катына- 
сын аныктау болады да тілдік системадағы сөздердің орнын бел- 
гілейді. Автор сұрау қойса да өзі жауап бермеген. Тек автор се- 
мантикалық компоненттердің «жағымды, жағымсыз сезім», «сезім- 
нің интенсивтілігі (әлсіз; күшті жэне өте күшті), «сезімнің пайда 
болу характер!» (қысқа және ұзаққа созылуы) сияқтыларды мы- 
сал ретінде беріп, тырнақша ішіндегі компонент жақша ішіндегі 
семантикалық белгі деп есептейді. Н. В. Цветков бұл жерде семан- 
тикамен байланысты екінші мәселеге өтіп кеткен. Семантикалық 
белгі де, семантикалық компонент те сөз мағынасын қалыптасты- 
руда өз үлестерін қосатындығын естен шығаруға болмайды. Мы- 
салы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет