Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет106/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130
идти, бежать, лететь, ползти
сөздерін келтіреді. Яғни 
идти
сөзінде қозғалыстың темпін білдіретін сема жоқ, сондыктан 
орта темптегі, бір қалыпты қозғалысты 
идти
(жүр) деп атаймыз. 
Бежать
пен 
лететь
жылдам қозғалысты білдірсе, 
ползти
өте баяу 
қозғалысты білдіреді дейді (Гак 77, 15). Автордың мысалды тал- 
дауында мағыналарындағы өзгешеліктерді көрсетуінде қателік 
жоқ. Бірақ шығарған қорытындысына келісуге болмайды. Біздіқ- 
ше, 
жүр, иіап, еңбекте
сөздерін бірін екіншісінен ажыратып тұрған 
мағыналық элементтің өзі осы қимылдың тездігімен байланысты 
екендігін жасыруға болмайды.
И. Кучкартаев өз пікірін дәлелдеу үшін өзбек тіліндегі 
бузоқ
(бұзау) сөзін алып талдайды. Автордың көрсетуінше, 
бүзау
сөзін- 
де сиыр және жас деген екі жетекші сема, анкау, сенгіш сияқты 
қосымша семалары бар. 
Аңқау, бос, әр нәрсеге сене бергіиі
сияқты 
мағына 
бұзау
сөзінің көп мағынасының бірі екендігін өзбек тілі 
материалына негізделініп жазылған сөздіктерде де берілген. Мы- 
салы, 1959 жылы жарық көрген өзбекше-орысша сөздікте 
бүзау
сөзіне
екі мағына берген. Бірінші мағынасы — теленок, екіншісі — 
постак, постофиля (УзРС, 88) *. Егер сөйлеу процесін есепке 
алатын болсақ, онда ауыспалы мағынада қолданылғанда оның
163


номинатив мағынасы тек ішкі форма ретінде ғана сақталынатын- 
дығы анық. Сондықтан да, 
Аммамнинг бузоғи
дегенде сиырдың 
төлі мағынасы мүлде ойға алынбайды; 
жуас, момын, бос
семала- 
ры негізгі мағына жасайтын семалары орнында қолданылып, ин- 
формацияға негіз болып тұр. Егер семалық талдаулардың сәтті 
шығуын қалайтын болсақ, онда сөздердің номинативтік мағынасы 
мен келтірінді мағыналарын, атауыш сөздер мен көмекші сөздер- 
дің мағыналарындағы ерекшеліктерді есепке алу керек. Жоғарыда 
біз грамматикалық мағыналарда да семалар бар деген тезисті 
колданған болатынбыз. Бірақ грамматикалық мағына құрамын- 
дағы сема мен лексикалық мағына кұрамындағы семаларды теңес- 
тіруге болмайды.
Соңғы кездерде жарық көрген еңбектерде семалардың төртін- 
ші түрі — интеграль сема бар деушілер де көріне бастады (Сели­
верстова 76, 130) *. Интеграль семаны анықтауда, қазірше, ауыт- 
қулар жоқ, сонымен бірге оған берілген анықтамаларда да анық- 
тықтар жоқ. Дегенмен кей кездерде сондай семаларды көрсету 
мұқтажы туып та қалады. Интеграль сөзінің өзі латынның integer 
(мағынасы бүтін, қалпына келтіру) сөзінен алынған, сондықтан 
интеграль семаның анықтамасын сөздердің ортақ семасынан ізде- 
ген дұрыс. Мысалы, сөйлеу етістіктерінің басын құрайтын сема — 
белгілі бір информацияны екінші біреулерге жеткізу. Бұл — сөй- 
леу етістіктерінін архисемасы. Сонымен бірге бұл етістіктер іштей 
ары қарай жіктелініп кіші семантикалық топ жасайды. Мысалы, 
сөйлеу етістігі, сұрау-жауап етістіктері, хабарлау етістіктері, кө- 
ңіл-күймен байланысты (эмоциялы) сөйлеу етістіктері, сөйлесу 
етістіктері, т. б. Бұлардың әр қайсысының құрамына бірнеше етіс- 
тіктер еніп, олар да өзара байланысып жатады. Салыстырыңыз: 
хабарлар етістігінде белгілі бір информацияны жеткізу семасы 
негіз болып, басқа етістіктерді біріктіріп тұр: 
айт, сөйле, жеткіз,
білдір, дерек бер, хабар бер,
т. б. Сөйлесу етістігінде процеске түс- 
кен адам біреу болмай, кемінде, екеу не одан көп болатындығын 
білдіретін семаеы арқылы ерекшеленіп жатады: 
әңгімелесу, сөйле-
су, әзілдесу, айтысу,
т. б. Сұрау-жауап мәнді етістіктерде де екі 
адам қатынасады; біреуі сұрау берсе, екіншісі жауап беру семасы- 
мен ажыратылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет