Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет109/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   130
холостяк
сөзіне семантикалық талдау жасай оты­
рып: 1) адам, 2) ер жеткен, 3) еркек жынысты, 4) бұрын да, қазір 
де некеде тұрмаған семалары бар, олардың соңғысы шешуші деп 
көрсетеді (Селиверстова 76, 131) *. Қазақ тіліндегі сөздерді де 
семантикалық жақтан семаларға бөлгенде оларды да осылай 
екіге бөлу мүмкін. Мысалы, 
жорғала
етістігінде 1) қозғалу, 2) жыл- 
дам қозғалу, 3) жерде қозғалу, 4) бағытсыз қозғалу, 5) қозғал- 
ғанда өте жайлы, козғалғаны білінбеу сияқты семалары бар. Бұл 
семалардың ішінде жайлы, қозғалғаны білінбеу семасы — негізгі 
мағынаға ядро болып тұрған сема. Кейде семалардың екеуі бірдей 
мағынаның ядросын жасап тұруы мүмкін. Мысалы, 
ата
сөзінде 
еркек жынысты және жасы үлкен семасы, 
бала
сөзінде ұрпақ жә- 
не еркек кіндікті семалары негіз болып тұр. Баска семалар сөз 
мағынасының кұрамына енгенмен сөз мағынасының ядросын жа­
сай алмайды, мағынаны толыктырып тұрушы қызметін аткарады. 
Бұл жерде бір нәрсені ескеру керек сиякты. Семалар объектив 
дүннедегі заттардың, көбінше, түйсік аркылы берілген информа- 
циясына негізделінеді дедік, бірақ сөз мағынасын талдағанда сол 
семалардың барлығы бірдей аныкталына бермейді. Екінші сөзбен 
айтканда, сөздің мағына кұрамындағы сема мен сол сөзді туғыз- 
ған түйсік аркылы кабылданған информация тең түсе бермейді; 
не кен болады, не аз болады. Мысалы, 
нан
дегенде біз әйтеуір 
тамактың бір түрін көз алдымызға келтіреміз, бірак арнайы көңіл 
аудару керек болмаса оның формасына, түсіне, дәміне мән бер- 
мейміз. Егер бұл баска (тамақ атауы болмай) мағынада колда- 
нылса, онын баска семалары барлығын да көруге болады. Салыс- 
тырыңыз: 
Ынсапсызға не керек, Істің ақ пен қарасьі, Нан таппай-
мыз демейді, Бүлінсе елдің арасы
(Абай).
Жалпылаушы семалар мен айырушы семалар сөздің лексика- 
лык мағына кұрамына енуі керек, бірак сөз мағынасын семалар- 
дың косындысы не жиындысына тең деп карау дұрыс болмайды. 
Ситуацияға байланысты бір сема жетекші сема, екінші бір семалар 
оған косалкы, көмекші, толтырушы сема кызметін аткаруы, 
негізгі мағынаның ядросын жасап тұрған семаны толыктырып 
тұруы шарт. Қай сөздің мағынасында семалардың саны көп бол-
187


са, сол сөздің мағынасы жайылыңқы, абстракты, көп мағыналы 
сипатқа ие болады. Сөздің мағынасының құрамына, тым Оолма- 
ғанда А. А. Потебня айтқан жакын мағынаға енбей қалған сема- 
лар қолданумен байланысты информациялық мәнге ие болуы мүм- 
кін. Мұндай семалардың барлығын басқа ғалымдарымыз да 
мойындайды. Мысалы, О. Н. Селиверстова В. Г. Гактың көрсеткен 
салыстырмалы семасының барлығын мойындаса да, оларды сөз- 
дің лексикалық мағынасының құрамына ендірмейді (Селиверсто­
ва 76, 130). Біздіңше, сөздердің көп мағыналы қасиетке ие болуы 
сөздердін. номинативтік (термин В. В. Виноградовтікі) мағынасы- 
ның кұрамына енбей қалған семалардың жанданып, жаңадан 
мағынаның ядросын (жетекші сема ретінде) жасауында жатыр. 
Мысалы, 
Хан емессің қасқырсың... Хан емессің жылансың.
(Ма­
ха мбет) дегендегі 
қасқыр
мен 
жылан
сөздерімен салыстырсақ 
пікірімізге дәлел бола алады. Қазақ тілі түсіндірме сөздігінде 
қасқыр
сөзіне ит тұқымдас жыртқыш аң, бөрі деп аныктама бер- 
ген. Ал 
жылан
сөзіне «бауырымен жорғалаушылар тобына жата- 
тын омыртқалы жәндік» деп анықтама берген. Біз келтірген мы- 
салымызда ол сөздер аң да, жәндік те мағынасында қолданыл- 
мастан жексұрын, жауыз мағынасында қолданылып тұр. Егер 
қасқыр
сөзінің мағынасын семалық талдауға салып қарайтын 
болсак, 1) жабайы аң, 2) жыртқыш, 3) ит тұқымдас сияқты сема- 
ларға ие болады. Оның а) тойымсыз, ә) аяушылықты білмейтін, 
б) күші жеткенді аямайтын сияқты семалары негізгі семалары 
болып саналмайды, тек тіркестерде қолданылуымен байланысты 
анықталатын көмекші семалары. Ауыспалы, келтірінді мағынада 
қолданылғанында біз көрсеткен негізгі семалар өз орнын көмекші 
семаларға беріп, басқа мағынада қолданылуына жағдай жасап 
тұр. Жылан сөзінде де жетекші (негізгі) сема ретінде, 1) бауы­
рымен жорғалаушы, 2) түсі суық, 3) шағатын семаларын көрсе- 
туге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет