Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет111/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130
үиі, самға, қалықта, іиүйгі,
т. б. 4. Белгілі бір бағытқа қаратылған қозғалысты білдіретін 
етістіктер: 
кел, кет, бар, жақында,
т. б. 5. Бағытсыз қозғалысты 
білдіретін етістіктер: 
арала, шарла, кез, қыдыр,
т. б. 6. Объектіден 
алыстауды білдіретіп етістіктер: 
кет, алыста, уза, без,
т. б.
III. Қарым-қатынас етістіктері. Бұл топтағы етістіктер заттар
не адамдар арасындағы түрлі қатынастарды білдіретін семалары­
мен байланысты топтастырылады. Олар мынадай семантикалық 
топтарға бөлінеді: 1. Теңестіру мәнді етістіктер: 
қос, теңестір, са-
лыстыр, бала,
т. б. 2. Меншіктеу, тәуелдеу етістіктері: 
иемде, мен-
іиікте, жіп так,, ие бол,
т. б. 3. Амандасу, қоштасу етістіктері: 
аман-
дасу, сәлемдесу, көрісу, танысу, қоштасу, қайырласу,
т. б. 4. Құр- 
меттеу, қадірлеу етістіктері: 
қүрметте, қадірле, ізетте, к,үрмет
189


көрсету,
т. б. 5. Бастыру, бағындыру етістіктері: 
басқар, әмір жүр-
гізу, сөз өткізу,
т. б. 6. Бағыну етістіктері: 
көну, бас иіу, ьірқына
көну (журу), бағыну,
т. б.
IV. Сезіну етістіктері. Бұл топтағы етістіктер сезім мүшелері- 
нің қызметімен байланысты жалпылауыш семаға ие болады. Олар 
мынадай семантикалық топтарға бөлінеді. 1. Жалпы сезіну мәнді 
етістіктер: 
сөз, байқа, абайла, аңғар, пайымда,
т. б. 2. Көру етіс- 
тіктері: 
көр, көз сал, үңіл,
т. б. 3. Дәм сезу етістіктері: 
кермектену,
аищылтымдану,
т. б. 4. Иіс сезу етістіктері: 
бықсы, мүңкі, аңқы,
т. б. 5. Терімен байланысты сезіну етістіктері: 
сыздау, ашу, қышу,
тызылдау,
т. б. 6. Есіту етістіктері: 
тыңда, есіт, қүлақ сал,
т. б.
V. Ойлау етістіктері. Бұл топтағы етістіктер адамның ойлау 
процесімен байланысты болады да сан жағынан онша көп бол- 
майды. Оларға 1) жалпы ойлау мәнді етістіктер 
(ойла, байымда,
ой жүгірт,
т. б.), 2) жорамалдау, болжау етістіктері 
(болжа, бағ-
дарла, түспалда, межеле,
т. б.), 3) қорытындылау етістіктері 
(қо-
рытындыла, шешімге кел, бел байла, тэуекел ет,
т. б.), 4) сенім 
етістігі 
(сен, дос деп сана, дос көр, жак,ын сана,
т. б.), 5) еске сақ- 
тау етістіктері 
(еске ал, зердеңде сақта, жадына алу,
т. б.) сияқты 
етістіктер енеді.
VI. Сөйлеу етістіктері. Бұл топтағы етістіктер дыбыс толқын- 
дары арқылы белгілі бір информацияны екінші біреуге жеткізу 
жалпылауыш семасы арқылы топтастырылған. Олар: 1) хабарлау 
етістіктері 
(айт, жеткіз, хабарла,
т. б.), 2) сөйлеу етістігі 
(сөйлесу,
әңгімелесу, әзілдесу,
т. б.), 3) сұрау-жауап етістіктері 
(сұра, жауап
бер, жауап қайтар,
т. б.), 4) эмоционалды сөйлеу етістіктері 
(мың-
қылда, көкі, отта, т.
б.), сияқты бірнеше семантикалық топтарға 
бөлінеді.
VII. Дыбыс-сес етістіктері. Бұл етістіктің тобына табиғаттағы 
заттар мен құбылыстардың шығарған дыбыстарына байланысты 
қолданылатын етістіктер енеді. Мысалы, 
тарсылда, сатырла, тырс
етті, гүрсілде,
т. б.
VIII. Эмоционалды етістіктер. Бұл топтағы етістіктер адамнын 
көңіл-күйімен, психологиялық қалпымен байланысты болады да 
мынадай семантикалық топтарға бөлінеді. 1. Таңдану етістіктері: 
таңоану, таңырқау, аузы ашылу,
т. б. 2. Қуану етістіктері: 
шатта-
ну, қуану, мәз болу,
т. б. 3. Қанағаттану етістіктері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет