Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет115/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130
кір
етістігі тіркеспейді. Мысалы, 
Бала пыиіаққа кірді
деп айтпаймыз. 
Сөйлеуші адам грамматикалық және семантикалық байланысты 
әр сөйлемді құрастырғанда ойлап, таңдап жатпайды. Ол өмірде 
бірнеше рет қайталанғандықтан тілдік нормаға түсіп қалыптаса- 
ды да, механикалық түрде қолданыла береді. Мысалы, қазақ ті- 
лінде 
асау, жеу, шайнау, ішу, жұту, сіміру, ұрттау, қарпу, жалмау,
copy
сияқты сөздер амал-әрекет етістіктерінің бір семантикалық 
(қоректенуді білдіретін) тобын жасайды. Бұлар өзара синоним не 
ұштас мәндес сөздер болғанымен мағыналарында айырмашылық 
бар. Көпшілік жағдайларда бір лексико-семантикалық топтың 
мүшелері синтагмалық байланысы жағынан тең түсіп жатады, бі- 
рақ араларындағы мағыналық өзгешеліктер олардың байланысы- 
на ықпалын тигізуі мүмкін. Салыстырыңыз: 
іиі
пен 
же
етістіктері 
қоректенуді білдіреді. Бірақ қазақ тілінің нормасы бойынша 
пан­
ды ішті, суды жеді
тіркесі қолданылмайды. 
Іш
те, 
же
де сабақты 
етістіктер, сондықтан олардың табыс септікті сөздерді тіркеп қол- 
данылуы заңды. Ал, 
іш
етістіктерінің сұйық тағамдармен, ішімдік- 
термен байланысты қолданылуы оның мағына құрамында шай­
нау, тістеу семаларының болмауымен байланысты. 
Же
етістігінің 
мағына құрамында болса, 
тістеу, шайнау, тіспен жаншу
сияқты 
семалары болғандықтан олар қою тамақ атауларымен (жеміс-жи- 
дек, бақша өсімдіктерімен де) тіркесіп қолданылады. 
Нан, ет,
қауын, алма,
т. б. жеді болады да, 
су, сорпа, сыра, лимонад, коже,
т. б. ішті болады. Қою тамақ атауларымен бірге 
мүжу, шайнау,
асау, жалма
сияқты сөздер де қолданылады. Бұлардың синтагма- 
лык байланыстарында айтарлықтай айырмашылық болмағанымен, 
кейбір тіркестерде сәйкес келмейтіндей ауытқулар байқалады. 
Салыстырыңыз: 
мүжі
етістігінің семантикалық мағынасында тісі 
өтпейтін қатты тамақты шетінен, біртіндеп жеу семасы болған- 
дықтан сүйекті мүжіді тіркесі қолданылады. Қою тамақ болса да 
палауды, қамырды, помидорды мүжіді деп айтпаймыз. Бір ескер- 
тетін нәрсе сол — семантикалық синтагма барлық тілдерде сәйкес 
келе беруі шарт емес. Мысалы, Н. Д. Арутюнова орыс тіліндегі
194


пить сок, есть бульон
деген тіркесті мысал ретінде келтіріп, шөлді 
қандыру үшін ішеді, т<імақты тойдыру үшін жейді деп қорытынды 
шығарады (Арутюнова 76, 87) *. Қазақ тіліндегі 
іиі
пен 
же
етістік- 
тері сәл басқашалау мағынада колданылады да жоғарыдағы орыс 
тілінен келтірілген тіркестің екеуінде 
іиі
етістігі арқылы беріледі. 
Тіпті кейде бұл екі етістіктің бір сөзбен байланысуы, синтагмалық 
қатынасқа түсуі де мүмкін. Мысалы, 
тамсщты жеу, тамақты, іиіу.
Бұл мысалымызда 
іш
пен 
же
етістіктерінің мағынасында өзгеріс 
жоқ, себебі тамақ әрі сұйық, әрі қою тағамдардың жиынтық атауы. 
Бұндай синтагмалық байланыстардың сәйкес келмеуі туыстас 
тілдер арасында да байқалады. Мысалы, өзбек тілінде 
сузмоқ
етістігі тамақты кесе, табақтарға кұю, салу мағынасында колда­
нылады. 
Косаларга шурва сузмоқ; Гулноз оиі сузииіга чиқиб кет-
ди; Қадиров пинигини бузмой чой сузииіди давом қилди
(УТИЛ 2, 
82) *. 
Сүз
етістігі қазақ тілінде де бар, бірақ 
сорпа сүзді, палау
сүзді, шай сүзді
деп қазақ тілі нормасы бойынша қолданылмайды 
(сорпа құйды, палау салды, иіай қүйды).
Қазақ тіліне ең жақын 
тілдің біреуі — қарақалпақ тілі. Қазақ тілі мен қарақалпақ тіл- 
дерін салыстырып қарасақ та сөздердің синтагмалық байланыс- 
тары тең түсе бермейтіндігіне көз жеткізуге болады. Салыстыры- 
ңыз: екі тілде де 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет