Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет35/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130
қой
аузынан шөп алмайтын
— момын; 
сан соғу
— өкіну; 
сапты аяк,қа
ас қүйып, сабынан қарауыл қарау
— ықтияткершілік т. б. Әрине 
фразалық тіркестердің беретін мағыналарын жеке сөздер арқы- 
лы беруге мүмкіндік болса да, фразалық тіркестерде жеке сөз- 
дердің мағынасына сыймайтын мағыналық элементтер бар. Сон- 
дықтан да 
сан соғып қалу
тек өкіну ғана емес, қапыда қалып, 
қатты өкіну; 
қой аузынан шөп алмайтын жігіт
тек момын ғана 
жігіт емес, ештеңемен жұмысы жоқ, өзімен өзі болып жүретін 
жігіт, т. б.
Сөз мағынасының құрылымдық элементтеріне талдау — сөз- 
дердің сөйлемде қолдануымен де байланысты зерттелінген. Біз- 
діңше, сөз мағынасына тіл элементі ретінде де, сөйлеу элементі 
ретінде де талдау жасау қарама-қайшы екі түрлі пікірге алып кел- 
мейді, керісінше бірін-бірі толықтыратын қорытындыға алып ке- 
леді. Мысалы, академия шығарған, «Жалпы тіл білімі» оқулы- 
ғында: «Сөз мағынасы, схемалы түрде айтқанымызда, мынадай 
элементтерден кұралады: 1) сезу арқылы объектив дүниедегі
заттардың бейнесі негізінде жасалынған, затты танытатын эле­
мент, яғни субъектінің практикасында объектімен қатынасы; 2) 
бұл мағынаға (содержание) коммуникативтік баға, немесе қаты- 
сушының амал-әрекетке көзқарасы»,— деп сөз мағынасын екі 
элементке бөлген (Общее 70, 400) *. Оқулық авторлары (тарауды 
жазған К. Г. Крушельская) екінші абзацта бұл екі компонентті 
сөзсіз қажетті элемент деп атайды да, оған қосымша үшінші 
элементтердің де бар екендігі, бірақ сөзсіз қажет болмайтынды- 
ғын да көрсетеді. Ол элементті эмоционалды-экспрессивті, айту- 
шының не жазушы адамның көзқарасын білдіретін элемент деп 
санайды (Общее 70, 401). Демек оқулықта әрі атау, әрі пікір 
білдірудің элементі ретінде бағаланған. Сондықтан сөздің мағы- 
насында әрі танымдық, әрі коммуникативтік элементтер бірігеді 
де, сөздің екі жағы ретінде қалыптасады; сөз ұғымды білдіреді 
және пікір алысу кезінде заттарды да білдіреді деп қорытынды 
жасайды (Общее 70, 401).
Үшінші бір ғалымдар сөз мағынасын анықтауда сөйлеу про- 
цесі кезінде қолданылуын және тіркестегі білдіретін мағынасын 
(информациясын) негіз етіп алады. Мысалы, В. Н. Комиссаров 
аударма теориясымен байланысты сөздердің эквивалент болу, 
болмау қасиеттеріне талдау жасай отырып, сөздердің білдіретін 
10 түрлі информациясы бар деп көрсетеді. В. Н. Комиссаровтың
69


көрсеткен 10 түрлі информациясының барлығы бірдей сөз бойы- 
нан табыла бермегенімен, тілдік элементтерде (барлық тілдерде 
де) толық кездеседі. Олардың берілу жолдары баскашарак болуы 
мүмкін. Мысалы, сөздердің білдіретін бірінші информациясы 
заттық мағынаны білдіру, автордың тілімен айтқанда, денотатты 
теңестіруші информация (Комиссаровтың еңбегінде 
информация,
содержание, значение
терминдері синоним ретінде қолданыла 
берген). Бұндай информация денотаттың барлығын білдіріп, оның 
атауы ретінде қолданылады. Екінші информация денотаттардың 
жеке белгісін көрсетеді. Үшінші информация денотаттың белгілі 
бір жалпы категорияға кіретіндігін көрсетеді. Бұндай категория- 
лар үшеу: лексико-семантикалық, лексико-грамматикалық және 
грамматикалық. Төртінші информация тілдік таңбаның белгілі 
бір қатынас процесінде қолданылатындығын көрсетеді. Бесінші 
информация эмоцияны білдіреді. Алтыншы информация бір сөз- 
дің баска бір денотатты білдіру мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, 
синоним, көп мағыналылық т. б. Жетіншісі — сөз мағынасында 
бейнелік не баска бір шартты байланыстың барлығын білдіреді. 
Мысалы, метафора, метонимия т. б. Сегізінші информация баска 
сөздің морфемалык элементтерінің мағынасын білдіреді. Тоғы- 
зыншы информация сөйлесу кезінде белгілі бір сөздің басқа бір 
сөздермен тіркесіп келу мүмкіндігін көрсетеді. Ал, оныншы ин­
формация болса, бір сөздің информациясына (мағынасына) кар- 
сы екінші бір мағыналы сөздің барлығын көрсетеді (Комиссаров 
73, 78—89) *. Демек Комиссаров жеке түрған сөздің өзін ғана 
алмастан оның сөйлем кұрамындағы байланысын, тілдік система- 
дағы орнын да алған. Бірак автор сөз білдіретін информация- 
лардын алғашкы үш пунктін сөздерде кездесетін белгі деп 
көрсетсе, калған жетеуінің барлык сөздерде кездесуінің шарт 
еместігін, түрлі комбинациялардағы мағына ретінде түбірге косы- 
латындығын да көрсетеді.
Сөз мағынасының кұрылымын аныктауда үшінші бір жол да 
бар. Ол — компонентті анализ жолымен сөз мағынасын талдау. 
Компонентті талдау негізінде мағынаны бірнеше кіші бөлшектерге 
се.маларға бөлу жатады. Семалардыц табиғатына біз кейінгі та- 
рауларда толығырак токталамыз, дегенмен де семалардың сөз 
мағынасындағы элементтерді саралауда, аныктауда тигізер пай- 
дасы шамалы. Бірак семалар сөз мағынасын талдап көрсетуде 
тигізер пайдасы мол. Салыстырыцыз: 
әже
деген сөзде кемінде 
4 сема бар: 1) әйел жынысты адам, 2) жасы үлкен, 3) кандык 
туыстыкты білдіреді, 4) әкенің не ананың анасы. Әйел жынысты 
білдіру тек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет