тейді (Новиков 82, 97) *. Егер сигнификаттық мағына тек түйсік
арқылы қабылданған информация деп санайтын болсақ (идеалды
денотатпен тең), онда сигнификаттық мағына жалпыланбаған,
дерексізденбеген, жартылай көрнекілік бейнеге негізделінген ма-
ғына болып шығады. Ал
мағынаның барлығы жалпыланған, де-
рексізденген
болады.
Сондықтан
сигнификаттық
мағынаны
А. А. Потебняның жақын (ближащее), С. Д. Кацнельсонның
экстенсионал мағынасымен салыстыру тиімдірек. Айырмашылығы
сол—жақын мағына да, экстенсионал мағына да сигнификаттық
мағынадан күрделірек; олардың құрамында айтушы не жазушы
адамның көзқарасына байланысты эмоциялық-экспрессивтік мән,
сөйлем құрамында не сөздердің ара қатынасынан туатын мағына-
лық элементтер (парадигмалык, синтагмалық), т. б. болады. Bi-
рак бұл екі мағынаның негізінде сигнификаттық мағына жатады.
Сигнификаттық мағына мен сөздердің лексикалық мағынасынын,
тең түсінік еместігі қаншалықты нақты
болмасын тіл білімінде
ол екеуінің ара қатынасын ашуда пікір алалығына себеп болып
жүрген мәселелер аз емес. Ең алдымен, көпшілік тілші-ғалымдар
(логиктер мен философтар да) сигнификат терминін кең түсініп
семантика терминімен синонимдік мәнде қолданып жүр. Сөздің
лексикалық мағынасының құрамынан сигнификатты бөліп алу,
алдымен, объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың субъек-
тив бейнесі бір ғана түйсік арқылы жасалынбайтындығы, екінші-
ден, сөз мағынасы осы субъектив
бейнеден ғана жасалынбай-
тындығын көрсету үшін қажет. Эрине идеалды денотат (ішкі)
сигнификаттың құрамына енеді. Демек сөз мағынасының қалып-
тасуында бірінші басқыш идеалды денотат болса, екінші басқыш
сигнификат болып табылады.
М. В. Никитин денотаттық мағына мен сигнификаттық мағы-
наның арасын жалпылық пен жалқылыққа байланыстыра отырып
анықтайды. «Пікір алысу кезінде сөздер (авторша имя) жеке зат
туралы пікір білдірсе, біз оны денотаттык мағына деп санаймыз...
Керісінше, пікір білдіру кезінде сөз жалпы туралы ой білдірсе, біз
оны
сигнификаттық
мағына білдіреді дейміз» (Никитин 74,
7—8) *. Мысал
ретінде ағылшын тіліндегі
Peterisa teenagar
(Петр
подросток — Петр жасөспірім) деген сөйлемді алады да
Петр
жекені көрсетеді, сондықтан денотаттык мағынаға ие. Ал, жасөс-
пірім ондай мағынаны білдірмейді, заттың сындык сипатын білді-
реді де сигнификаттык мағынаға ие дейді. Бірак автордың кейінгі
мысалдарында
жалкылылык пен жалпылылык жеке сөздерге
байланысты болмай-ак контекстен де
аныкталатындығын көрсе-
теді.
Jhe tigers are hungry
(Тигры голодные —
жолбарыстар аш)
деген сөйлемдегі
жолбарыс
жеке заттарды көрсетеді де түсінікті
болады. Сондықтан
жолбарыстар аш.
деген сөйлемдегі
жолбарыс
тар
сөзінде денотаттык мағына бар дейді. Ал Jhe tiger isa canivore
(Тигр — хищник: жолбарыс—жырткыш) деген сөйлемдегі
жол
барыс
жырткыш аңдардың тобын көрсеткені үшін сигнификаттык
мағынаға ие болады деп көрсетті (Никитин 74, 8). Денотаттык,
сигнификаттык мағыналарды бұлай
ажырату семасиологияға жа-
86
ңалық қоса алмайды және денотаттық мағына компоненттері мен
сөздердің сигнификаттық мағына элементтері байланыспай бөлі-
ніп қалады. Жалпы тіл білімінде, әсіресе индоевропа тілін зерт-
теушілер арасында, белгілілік пен белгісіздік (категория опреде
ленность пен категория не определенность) категориясын зерттеу
бұрыннан бар нәрсе. М. В. Ннкитиннің денотаттық мағынасы осы
белгілілікпен, сигнификатты
белгісіздік
категориясымен байла-
ныстыруы олар үшін тиімді болғандықтан қазірше сын пікір ай-
тылған жоқ.
Түркі тілдерінде белгілілік пен белгісіздік категориясы жоқ
делінеді (Балақаев 87, 60—70) *, тек Дж. Қиекбаев және оның
шәкірттерінің еңбектерінде ғана белгілілік және белгісіздік кате-
гориялары түркі тілі (башқұрт тілі) материалдары бойынша тек-
серіліп, пікір айтылып жүр (Қиекбаев 72; Азнабаев 83) *. Башқұрт
тілін зерттеп, белгілілік және белгісіздік категориялары бар деу-
шілердің өздері де оны сөздердің лексикалық мағыналарынан із-
демей, грамматикалық категориялардың ішінен іздеген.
Дегенмен
де бір нәрсе анық — денотаттық мағына элементі дерексізденіп,
жалпыланып қана сөз мағынасының құрамына ене алады. Сон-
дықтан да денотаттық мағына бөлшегі мен сигнификаттық мағы-
на элементтерін салыстырғанда осы деректілік пен дерексіздікті,
жалқылық пен жалпылықты салыстыру керек. Мәселенің екінші
жағы да бар. Грамматикалық мағына да осы объектив дүниемен
байланысқан мағына, сондықтан грамматикалық мағынаның да
құрылымдық элементтері болуы шарт еді. Мысалы, етістіктің осы
шағы 1) айтылып жатқанда істелініп жатқан қимылды, 2) созы-
лыңқы қимылды, 3) әлі аяқталынбаған қимылды т. б. білдіреді.
Осы үш мағыналық реңкке байланысты түркі
тілін зерттеуші-
лер —
Достарыңызбен бөлісу: