Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет45/130
Дата16.10.2023
өлшемі9,37 Mb.
#115843
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130
а тур;
— 
а жүр;
— 
а отыр\
— 
а жатыр\
— 
ып тұр\

ып
жүр;
— 
ып отыр;
— 
ып жатыр
сияқты етістіктің аналитикалық 
формасын бірде амалдың өту сипаты категориясына, бірде шақ 
категориясына, бірде сипат категориясының грамматикалық фор* 
масы ретінде көрсетіп жүр (Ысқақов 74; Маманов 66; ҚТГ-І) *. 
Бірақ грамматикалық формалардың білдіретін мағыналарының 
барлығын осылай талдап, семаларға бөліп көрсету мүмкін бол- 
майды. Бұл грамматикалық мағыналардың дерексіздену дәреже- 
сіне тікелей байланысты.
Сөздің лексикалық мағына құрамындағы сигнификаттық ма- 
ғынаны таным теориясындағы гнесиологиялық бейне (гнесиоло- 
гический образ) түсінігімен салыстыруға болады. (Гнесиологи- 
ческие 74, 110—123) *. Адамдар өздерін қоршаған табиғат көрі- 
ністері не заттармен түрлі қарым-қатынасқа түседі де өздеріне 
түйсік туғызған заттарды, олардың түр-түсін, исін, көлемін т. б. 
қасиеттерімен бірге заттардың арасындағы түрлі қатынастарды 
да өз миында сәулелендіреді, объектив дүниедегі заттарға ұқсас 
(өте жақын) субъектив бейне моделін жасайды. Сигнификаттық 
мағына құрамына енетін идеалды денотатта да, гнесиологиялық 
бейнеде де заттардың түйсік туғызатын белгілері, қасиеттері ғана 
бейнеленеді. Ал ұғым болса заттардың адамның сезім мүшелеріне
87


түйсік туғызбайтын ішкі қасиеттерін де қамтитындығын естен шы- 
ғармау керек. Сонымен бірге қабылданған информация субъектив 
бейнеге қалай болса, солай жинақтала салынбайды, системалы 
түрде, объектив дүниедегідей, орын-орнына қойып, баска заттар- 
мен, құбылыстармен қарым-қатынасы да сәйкес келетіндей схе- 
мада болады. Сондықтан да К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Ни мысль, 
ни язык не образуют сами по себе особого царства, что они — 
только проявления действительностей жизни»,— деген болатын 
(Маркс 3, 449) *. Бірақ объектив дүниедегі зат пен адам санасын- 
дағы бейне арасында жақындық болғанымен, нақ өзі, барлық 
қасиетін 100) қамтиды деуге болмайды. Олар арасында айырма- 
шылық бар, бірақ бұл алшактық емес. Сондықтан да В. И. Ленин 
«Субъективтік 
нәрсенің 
объективтік нәрседен айырмашылығы 
бар, бірақ оның да шекарасы болады»,— деп жазған (Ленин 29, 
92). Осы сезім арқылы қабылданған субъектив бейне адамдардың 
тарихи-әлеуметтік тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімі мен 
көзқарасының талқысынан өтіп барып гнесиологиялық бейненің 
(немесе танымдық бейненің) негізін жасайды. Гнесиологиялық 
бейне объектив дүниедегі заттар мен құбылыстардың толық сәй- 
кес келетін бейнесі де, фотокөшірмесі де емес. Олар информация- 
сы жағынан жұпыны болғанымен, мағынасы мазмұны жағынан 
жеке-дара алынған зат не құбылыстардан бай болады.
Гнесиологиялық бейне, көпшілік жағдайда, сигнификаттық 
мағынамен тең түседі де барлық уақытта шектелінген, тарихи 
жағынан толық болмайды. Таным теориясы жағынан біршама 
аяқталған болуы керек, егер мүлде аяқталынбаған болса, онда 
танымдық бейне толық болмайды. Танымдық бейненің сигнифи- 
каттан айырмашылығы, біріншісі субъектінің білімініц өсуі, тари­
хи практикасының жетілуі, өмірге көзқарасының өзгеруімен бірге 
өзгерсе, сигнификат сақталынып қалады. Мысалы, 
түз
сөзінің 
сигнификаттық мағынасы асқа салынып желінетін зат, бірақ тұз- 
дың бірнеше түрі барлығы, оның өздері де түрлі химиялық эле- 
менттерден тұратындығы, сондай-ақ тұздардың барлығы бірдей 
асқа салына бермейтіндігі арнайы химиялық білімі бар адамдар 
үшін құпия емес. 
Түз
туралы алғашқы гнесиологиялық бейнеміз 
сигнификатпен тең 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет